Серер (халық)
Серер | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,9 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Сенегал |
1,3 млн. |
Гамбия |
40 000 |
Мавритания |
5 000 |
Тілдері | |
Діні | |
ислам, христиандық, дәстүрлі нанымдар |
Серер — Батыс Африкадан шыққан этникалық топ. Олар Батыс Африканың бірқатар елдерінде, көпшілігі Сенегал (1,3 млн. адам, 2015 ж., бағалау) мен Гамбияның солтүстік-батысында (40 мың адам) тұрады, шамамен 5 мың адам Мавританияның оңтүстігінде тұрады. Жалпы саны 1,9 млн.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - серер тілі, атлантикалық (батыс бантоид) тілдер тобына жатады.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Серер тұрғындарының 85%-ға жуығы мұсылмандар, қалған 15%-ы христиандар. Серер халқы 19 ғасырда волофтардың исламның таралуына қарсылық танытқанымен, 1910 жылдардың басына қарай серер халқының жартысына жуығы (шамамен 40%) ислам дінін қабылдады. Кейбірі әлі де дәстүрлі діни нанымдарды ұстанады.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Серер этникалық қауымдастығы қазіргі Мавританияның оңтүстігінде 11 ғасырда пайда болды, олар XI—XII ғасырларда Альморавидтердің исламдық экспансиясының қысымымен көшіп келді. 1186 жылы Серер Фульбемен бірге Валоның ерте саяси бірлігін, содан кейін Сенегалдың төменгі ағысында Син және Салум тәуелсіз мемлекеттерін ұйымдастырды (XIV-XIX ғғ.).[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Серерлер қолмен атқарылатын егіншілікпен (жержаңғақ, тары, күріш) және мал шаруашылығымен (ірі қара мал) айналысады. Жағалауда - балық аулау, жержаңғақ плантацияларында маусымдық жұмыс дамыған.[5][6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үлкен отбасылық қауымдастықтар дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін құрайды. ХХ ғасырдың ортасында матрилиндік қарым-қатынас сақталды. Отбасы ішінде некеге тұруға тыйым салынады. Билік ақсақалдар кеңесіне тиесілі.
Дәстүрлі тағамы - чере олардың сүйікті тағамы, тары кускусының бір түрі.
Музыкада барабан немесе сабар танымал аспап болып табылады. Тассу дәстүрі сияқты ескі стильдердің кейбірі күні бүгінге дейін қолданыста.
Спортта олар әртүрлі спорт түрлерімен айналысады, дегенмен күрес (Laamb) өте танымал.[7][8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Кто такие Сереры? https://dzen.ru/a/XP6_ZLpleACwzGW5?utm_referer=yandex.kz
- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/131777/%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%80
- ↑ Кто такие люди Серер? https://stranatur.ru/who-are-the-serer-people.html
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/5149367
- ↑ Народы и культуры Серер https://travel-journal.ru/ethno/45/1242/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Большая советская энциклопедия Серер https://gufo.me/dict/bse/%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%80
- ↑ народы мира / Серер http://www.etnolog.ru/people.php?id=SERE
- ↑ Кто такие люди серер? https://ru.history-hub.com/kto-takie-lyudi-serer