Менде (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Менде
менде, менди, коссо, косса, локко
Бүкіл халықтың саны

1,5 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Сьерра-Леоне

1,5 млн.

 Либерия

40 000

Тілдері

манде тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер

Менде (менде, менди, коссо, косса, локко)[1]Сьерра-Леоненің ең үлкен халқы. Олар негізінен елдің оңтүстігінде – Джонг, Сева, Моа өзендеріің бойында тұрады. Жалпы саны 1,5 млн. адам (2010, бағалау). Либерияның солтүстік-батысында 40 мыңға жуық адам тұрады.[2]

Манде тілі - манде тілдер отбасының оңтүстік тобына жатады.[3]

Дінге сенушілердің діни ағымы: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – сүнниттік мұсылмандар, протестанттар.[4]

Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, маниок, фонио, жержаңғақ, мақта, күріш, зімбір, қазіргі кезде кофе, какао өсіреді), терушілік (майлы пальма жемістері), ұсақ малдар өсіру, құс өсіру, балық аулау, сауда. Қолөнерден – тоқу, мата бояу, керамика, сабын жасау, тоқу, ағаш ою дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік ұйымның негізін ауыл қауымдары (кулоко) және көп балалы отбасылар (мавей) құрайды. Ата — баба ұйымы, өзара көмек қоғамдары (кугбе, бембе), құпия одақтар – еркектерде (Поро, Вунде, Ньяйей) және әйелдерде (Санде, Бунду, Хумой, Кпа) сақталған. Неке патрилокальды.

Дәстүрлі елді мекендер шоғырланып орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты немесе дөңгелек пішінді, қабырғалары балшықпен сыланған ағаш сырықтардан жасалған, конустық төбесі пальма жапырақтарымен жабылған.

Азық-түлік негізінен көкөніс тектес (жарма, дәмді көкөніс дәмдеуіштері мен пальма майы қосылған бұқтырылған тағамдар), ет және балық (оның ішінде кептірілген балық).

Менделерде бай музыкалық және би фольклоры бар.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия - менде http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mende
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2203969
  3. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/108221/%D0%9C%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5
  4. Значение слова МЕНДЕ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1842017.html
  5. a b народы мира / Менде http://www.etnolog.ru/people.php?id=MEND