Тсондар
Тсонга | |
батсонга | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
5,3 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Мозамбик |
3,5 млн. |
ОАР |
1,4 млн. |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер, христиандық |
Тсондар (өзд. атауы – батсонга) – банту тобына жататын халық. Негізінен Мозамбикте (3,5 млн. адам), Оңтүстік Африка Республикасында (1,4 млн. адам) және Замбияда тұрады (1995). Алты топқа бөлінеді: ронга, хлангану, джонга, била, нвалунгу, хленгве. Тсондардың құрамына кейде чопи этникалық қауымдастығын қосады. Суто және тсвана халықтарына жақын. Экваторлық нәсілге жатады.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі тсонга тілі, банту тілдер отбасының оңтүстік-шығыс тобына жатады.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тсондардың көпшілігі дәстүрлі наным-сенімдерді (табиғат күштеріне табыну, ата-бабалар культі) сақтайды, кейбіреулері христиандар (католиктер).[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тсонгу XIX ғасырдың басында Квазулу-Наталь провинциясынан Оңтүстік Африкаға қоныс аударғаннан кейін аумақты басып алған зулулардан шыққан. Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Зимбабведе тұратын Тсонгудың тарихи дамуы ұқсас.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі қолмен атқарылатын – егіншілік (сорго, жүгері, тары, маншок, соя, ямс; тауарлы дақылдан – кэшью жаңғағы, мақта; теңіз жағалауында – кокос пальмасы). Плантацияларда және Оңтүстік Африка қалаларында еңбек етеді. Ағаштан түйін түю, тоқу (қызыл-қара төсеніштер) дамыған.[5]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ауыл және көпбалалы қауымдар, рулық ұйым құрайды, туысқандық есеп патрилинейлік болып бөлінеді. Көп әйелділік, сорорат пен әмеңгерлік, немере туыстарының некесі жиі кездеседі.
Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Дөңгелек немесе сопақша үйшіктер қоршаулармен қоршалған, ауыл орталығында мал қора, астық қоймалары және басқа да шаруашылық құрылыстары бар. Бірқатар жерлерде дәстүрлі үйлер заманауи ғимараттарға жол беруде.
Дәстүрлі киімдері өз мәнін жоғалтуда.
Негізгі тағамдары - бұқтырылған тағамдар, ботқалар, ащы тұздығы бар бәліштер, көкөністер мен жемістер.
Тсондардың бай фольклоры бар (ертегілер, мақал-мәтелдер, т.б.). Ксилофондық ансамбльдері (тимбила) жылдам ндого билері мен әндерін сүйемелдейді (көбінесе сатиралық мазмұнмен). Көптеген ансамбльдер кәсіби деңгейге жетті.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- ↑ Большая Советская Энциклопедия (ТС) https://litresp.ru/chitat/ru/%D0%91/bse-bse/boljshaya-sovetskaya-enciklopediya-ts/2
- ↑ Значение ТСОНГА (НАРОД) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2050389.html
- ↑ Тсонга (народ) https://www.istmira.com/novosti-istorii/15763-tsonga-narod.html
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4218386
- ↑ народы мира / Тсонга http://www.etnolog.ru/people.php?id=TSON