Сахо (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сахо
Бүкіл халықтың саны

150 000

Ең көп таралған аймақтар

 Эфиопия  Эритрея

Тілдері

сахо тілі

Діні

ислам, христиандық

Сахо — Солтүстік-Шығыс Эфиопия мен Эритреяда тұратын халық. Саны 150 мың адам. Олар тиграян, афар және араб текті топтарын қоса алғанда идда, иддифер, ироб, манифере, меля, тероа, хазу, асаорта бес тайпасының одағы, т.б. бөлінеді.[1]

Негізгі тілі - кушит тілдер тобына жататын сахо тілі, бірақ араб, тигринья, тигре және кейбір аралас тілдер де кеңінен қолданылады.[2]

Діні бойынша көпшілік сахолар мұсылмандар және монофизиттік христиандар.[3]

Негізгі кәсібі – жартылай көшпелі мал шаруашылығы (негізінен қой, ішінара ірі қара). Таудағы сахоның бір бөлігі егіншілікпен (бидай, теф, бұршақ дақылдары), Зула шығанағында балық аулаумен айналысады.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сахолар патриархалдық отбасына негізделген тармақталған тайпалық құрылымдармен сипатталады. Ауыл қауымдарын ұйымдастыруда ақсақалдар мен жергілікті дін өкілдерінің рөлі зор. Кез келген мәселе туындаған кезде, сахо жиналыс немесе конференция шақырады, оны рахбе деп атайды. Мұндай басқосуда сахо халқы су, жайылым немесе жерге, рулық дауларға қатысты мәселелерді қалай шешуге болатынын және бұл мәселелерді қалай жеңілдетуге болатынын талқылайды.

Дәстүрлі сахо тұрғын үйлері - бұтақтар мен сабаннан жасалған тегіс шатыры бар тікбұрышты тас үйлер.

Ерлер мен әйелдер дәстүрлі киімдері - шалбар, белбеулі туника тәрізді көйлек және кестемен безендірілген шамма плащ киеді.

Сахо негізінен бидайдан және басқа заттардан жасалған ашытқысыз нанды тұтынады, сондай-ақ буға пісірілген және шикі бидай дәндерін жейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая советская энциклопедия Сахо https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/130366/%D0%A1%D0%B0%D1%85%D0%BE
  2. Сахо https://ctcmetar.ru/stati/16847-saho-narod.html
  3. Значение слова САХО в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2039140.html
  4. Народы и культуры Сахо https://travel-journal.ru/ethno/45/1227/(қолжетпейтін сілтеме)