Маконде (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Маконде
Вамаконде
Бүкіл халықтың саны

1,6 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Танзания

1,2 млн.

 Мозамбик

400 000

Тілдері

маконда тілі

Діні

суннизм, христиандық, дәстүрлі наным-сенімдер

МакондеТанзанияның оңтүстік-шығысындағы және Мозамбиктің солтүстік-шығысындағы банту тобының халқы.[1] Танзаниядағы халық саны 1,2 млн. адам, Мозамбикте шамамен 400 мың адам (2009, бағалау).[2]

Тілі - маконда тілі, банту тілдер отбасының шығыс тобына жатады.[3]

Маконденің көпшілігінің діні - сунниттік ислам, айтарлықтай бөлігі христиандар дінін немесе дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.[4]

Маконде африкалық, араб және еуропалық құл саудагерлеріне сәтті қарсы тұрды. Олар 1920 жылдарға дейін отарлық тәуелділікке түспеді. Алайда 19 ғасырдың аяғында Танзанияның 19 тайпасының көсемдері Германиямен протекторат шартын жасады. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде ағылшындар Танганьика мен Занзибарда билікке ие болды.

1960 жылы Танзания Маконде ұйымдастырған революция нәтижесінде тәуелсіздік алды. Мозамбикте мадонда португалдық отаршылдық билігіне қарсы тұрудағы рөліне байланысты ел саясатындағы ықпал көзі болып қала береді.[5]

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, тәтті картоп, құмай, банан). Ағаштан ою (антропоморфтық бетперделер, ғұрыптық мүсіндер) дамыған. 1960 жылдары ерекше стиль (шетани) тарады. "Шетани" - Шығыс Африка мифологиясының рухы.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маконде дәстүрлі түрде матрилиналық қатынастар қоғамы болып табылады, онда балалар мен мұрагерлік мүлік әйелдер есебі бойынша өтеді. XX ғасырдың басына дейін инициациялар болды. Тістерді егеу, төменгі еріннің безендірілуі (пелеле) скарификациясымен сипатталады.

Дәстүрлі қоныстары шеңбер немесе түзу орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек және төртбұрышты, төбесі шөппен немесе пальма жапырақтарымен жабылған. Астық қоймалары қадаларға салынған.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Энциклопедический справочник "Африка" МАКОНДЕ https://1659.slovaronline.com/2028-%D0%BC%D0%B0%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B5
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2166713
  3. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/105921/%D0%9C%D0%B0%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B5
  4. Материал из Большого Справочника https://newstest.ru/%D0%9C%D0%B0%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B5_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)(қолжетпейтін сілтеме)
  5. Африканские стили Makonde [Танзания] https://afroart.ru/makonde.html
  6. Народы и культуры Маконде https://travel-journal.ru/ethno/40/952/(қолжетпейтін сілтеме)
  7. народы мира / Маконде http://www.etnolog.ru/people.php?id=MAKO