Муби (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Муби
монжул
Бүкіл халықтың саны

250 000

Ең көп таралған аймақтар

 Чад

Тілдері

муби (чеке) тілі

Діні

суннизм

Муби (монжул)[1]Чадта тұратын жалпы саны 250 мың адамнан тұратын халықтар тобы, сонымен қатар негізгі этникалық топқа жақын халықтар кіреді: джонкор, дангалеат, бидьо, беданга, могум.[2]

Тілі – муби (чеке) тілі.[3]

Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[4]

Негізгі кәсібі – ірі және ұсақ мал өсіру, қолмен атқарылатын егіншілік, аңшылық, терушілік. Мубилер тоқыма бұйымдарын, былғары бұйымдарын, керамика, геометриялық өрнектері бар қамыс тоқыма бұйымдарын, күміс, мыс, піл сүйегінен жасалған әйелдер зергерлік бұйымдарын өндіруді дамытқан.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі әлеуметтік бірлік – үлкен отбасы қауымдастығы. Патрилиндік линиялар әртүрлі дәрежедегі көсемдер басқаратын руларды құрайды. Неке вирилокальды, көп әйел алу жиі кездеседі.

Қоныстары ықшам, домалақ үйшіктерден тұрады. Өте төмен түсетін биік конустық шатырдың астында саздан жасалған қабырғалары бар. Астық қоймалары бөтелке тәрізді. Ауыл тікенді бұталармен қоршалған.

Ерлер киімі кең шалбар мен кең жеңі бар туника тәрізді жейдеден тұрады. Әйелдер қара немесе жолақты ашық матадан тігілген ұзын көйлектер киіп орамал тағады.

Тағамдары - сүтте жаслған тары, күріш ботқасы, құмай және көкөністерден, жемістерден, құрмадан жасалған тағамдар.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Энциклопедический справочник "Африка" МУБИ https://1659.slovaronline.com/2312-%D0%BC%D1%83%D0%B1%D0%B8
  2. Современная энциклопедия - муби http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mubi
  3. Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/31554
  4. Значение слова МУБИ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1842491.html
  5. Народы и культуры Муби https://travel-journal.ru/ethno/40/1048/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Муби http://www.etnolog.ru/people.php?id=MUBI