Хасонке
Хасонке | |
хассонка, касонка | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
200 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Мали |
150 000 |
Гамбия |
20 000 |
Сенегал |
10 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Хасонке — (хассонка, касонка - «хассо халқы»), Малидің оңтүстік-батысындағы және Бамако қаласындағы Манден тобының халқы. Халқы 200 мың адам. (2016, бағалау). 10 мың адам Сенегалда, 20 мың адам Гамбияның шығысында тұрады, 20 мыңға жуық Хасонке Францияға және Батыс Еуропаның басқа елдеріне қоныс аударды.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хасонке/ксасонгаксанго тілінде, бамбара тіліне ұқсас мандин тілінде сөйлейді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі діні ұстанымы суннизм, бірақ табиғат культін ұстану да тән.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хасонке фульбе халқының кейбір топтарының отырықшы өмір салтына көшуі, сондай-ақ олардың 12 ғасырда мандинго және сонинке халықтарының басқа топтарымен араласуы нәтижесінде қалыптасты. Хасонке халқының қалыптасуында ерте саяси формация, Хассо «патшалығы» (XVIII-XIX ғғ.) маңызды рөл атқарды.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – тропиктік егіншілік (құрғақ күріш, фонио, жүгері, тары және т.б.). Фульбе малшыларымен дәстүрлі алмасу дамыды.[5]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлеуметтік ұйымның негізі - патритаралды, вирилокалды үлкен отбасы. Көп әйел алу жиі кездеседі. Әлеуметтік құрылым "джаму" туыстық жүйесімен байланысты жалпы эпигамиялық топтарды және аумақтық — коммуналдық және потестарлық (көсемдік, әскери ұйым) топтарды біріктіреді, жасырын одақтар бар.
Тұрғын үйлер тік бұрышты және дөңгелек пішінді, саманнан жасалған.
Ерлер қысқа көйлек пен шалбар киеді, әйелдер жамбастарын шүберекпен орайды.
Негізгі тағамдары - көкөніс және ет соустары қосылған ұннан жасалған кускус.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4730793?ysclid=lofdigi877777707766
- ↑ Народ хассонке - Khassonké people https://ru.wikibrief.org/wiki/Khassonk%C3%A9_people
- ↑ Хасонке https://dir.md/ru.m.wikipedia.org/wiki/%d0%a5%d0%b0%d1%81%d0%be%d0%bd%d0%ba%d0%b5
- ↑ Хасонке https://hmong.ru/ru/%D0%A5%D0%B0%D1%81%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D0%B5#google_vignette
- ↑ Народы и культуры Хасонке https://travel-journal.ru/ethno/49/1421/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Хасонке http://www.etnolog.ru/people.php?id=HASO