Мурле (халық)
Мурле | |
бейр, аджиба, муруле | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
230 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Судан |
200 000 |
Эфиопия |
30 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер, суннизм |
Мурле (бейр, аджиба, муруле)[1] — жалпы саны 230 мың адамды құрайтын Суданда қоныстанған халық. Сонымен қатар Эфиопияда 30 мың адам тұрады.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - мурле немесе капета тілі.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі наным-сенімдер, бөлігі – сүнниттік мұсылмандар.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мурле жартылай отырықшы, ал кейбір топтары жартылай көшпелі өмір салтын ұстанады. Дәстүрлі шаруашылықтың негізгі салалары жайылымдық мал шаруашылығы (ұсақ және ірі қара мал өсіру) және қолмен атқарылатын егіншілік (тары, жүгері, асқабақ, жержаңғақ, күнжіт, темекі). Қосымша салалар: аңшылық және балық аулау. Қолөнерден геометриялық ою-өрнектерді пайдалана отырып, түрлі-түсті кілемшелер, қоржындар, шағын ыдыстар тоқу, ағаш ою, тері өңдеу, олардан бұйымдар жасау дамыған.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мурленің әлеуметтік ұйымы әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты рулық құрылымға ие. Шағын әлеуметтік бөліністер – тектік және одан да үлкен патрилинейлік рулық генеалогиялық байланыстармен байланысты. Неке патрилокальды, көп әйел алу жиі кездеседі.
Тұрақты жаңбырлы маусымдағы елді мекендері шоғырланып орналасып, дуалдармен қоршалған. Тұрғын үйлері – домалақ үйшік – көң мен ұсақталған сабанмен саз қоспасы жағылған өрілген қаңқа, төбесі шөппен жабылған конустық шатыр. Көшпелілерде - бұтақтардан жасалған үйшік.
Ерлердің дәстүрлі киімі оң иыққа түйінделген белдік пен үлкен жамылғыдан тұрады. Әйелдер үшін - былғарыдан немесе өсімдік талшықтарынан жасалған қысқа белдемше. Қазіргі уақытта «саронг» сияқты киімдер жиі кездеседі.
Азық-түліктері - сүт және өсімдік тектес тағамдар (жарма, көкөніс, қышқыл сүт және басқа да сүт өнімдері, қан мен сүт қоспасы), балық, аң. Шығыс Африкадағы барлық малшылар сияқты етті сирек жейді.
Ауызша шығармашылық тайпалардың, олардың ата-бабаларының шығу тегі туралы мифтермен ұсынылған, ән мен музыкалық шығармашылық дамыған.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Энциклопедический справочник "Африка" МУРЛЕ https://1659.slovaronline.com/2345-%D0%BC%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B5
- ↑ Современная энциклопедия - мурле http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/murle
- ↑ Современная энциклопедия Мурле https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/203648-murle/
- ↑ Значение слова МУРЛЕ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1842531.html
- ↑ Народы и культуры Мурле https://travel-journal.ru/ethno/40/1056/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Мурле http://www.etnolog.ru/people.php?id=MURL