Тикар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тикар
тикали, мбам, ндомме, лангтуму
Бүкіл халықтың саны

900 000

Ең көп таралған аймақтар

 Камерун

Тілдері

тикар тілі

Діні

суннизм

Тикар (тикали, мбам, ндомме, лангтуму)[1] — Орталық Камерунда тұратын халық. Олар Мбам өзендерінің жоғарғы ағысында (негізінен Адамава провинциясының батысында, Орталық провинцияның солтүстігінде, Батыс және Солтүстік-Батыс провинцияларының шығысында) тұрады. Халық саны шамамен 900 000 адам деп есептелді.[2] Нсо (бансау), нком (нсо-ком), бафут (фу), нсунгли т.б. топтарға бөлінеді.

Тілі - тикар тілі, шығыс бантоид тілдеріне жатады.[3]

Тикарлардың көпшілігі сүнниттік мұсылмандар. Сонымен қатар ата-баба культі, жергілікті дәстүрлері де сақталған.[4]

Аңыз бойынша, Тикардың ата-бабалары шамамен 17 ғасырда фульбелердің шабуылы кезінде солтүстік-шығыстан келген. Олар 18 ғасырдың басында Бамум одағының құрамына кірген бірнеше көсемдіктерді құрады.[5]

Негізгі кәсібі – тропикалық қолмен атқарылатын егіншілік (тары, жүгері, маниок, жержаңғақ, ямс, кофе, шай, темекі және т.б.). Кейбір тикарлар ұсақ мал өсіреді.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі әлеуметтік бірлік – үлкен отбасы қауымдастығы. Туыстық есеп патрилинейлік (нкомдарда матрилинальды). Неке келісімі вирилокальды болып табылады.

Елді мекендері ықшам, жолдар мен өзендердің бойына созылып орналасқан. Қабырғалары бұтақтардан және сырықтардан жасалған, балшықпен сыланған, шатыры саманнан, бұтақтардан және пальма жапырақтарынан жасалған төртбұрышты тұрғын үйлер басым, есіктері оюлармен безендірілген аласа болып келеді.

Киімдері - мақта матадан тігілген еуропалық үлгідегі киімдер.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия - тикар http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/tikar
  2. Тикар https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1877045
  3. Большая Советская энциклопедия Тикар https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/93587-tikar/
  4. Значение слова ТИКАР в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1846428.html
  5. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4191643
  6. Народы и культурыТ Тикар https://travel-journal.ru/ethno/46/1333/(қолжетпейтін сілтеме)