Адангмелер
Адангмелер | |
адангбе, дангмели | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
800 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі діни нанымдар, протестантизм |
Адангмелер (өз атауы — адангбе, дангмели)[1] — Гана мен Тогодағы халық, Гвинея шығанағы жағалауында, Гана-Того шекарасының бойында. Адангме халқы шамамен 800 000 адамды құрайды.(2000 ж.).[2][3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адангме тілі конго-кордофан отбасының нигер-конго тобының ква тобына жатады. Жазуы латын графикасы негізінде. Адангме тілі 7 топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы ерекше диалектіде сөйлейді: кробо (клоли), кпоне, ада (адда), шай, осудуку, прампрам және нинго. Адангме топтары екі тілді: кпонелер га тілінде, ал адалар эве тілінде сөйлейді.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі діни нанымдарды сақтайды, бір бөлігі протестанттар мен католиктер болып табылады.[4]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этногенетикалық аңыздар бойынша адангмелердің арғы бабалары 16 ғасырдың басында Чад көлі аймағынан қоныс аударған. Бірқатар ірі көсемдіктер (Крабо, Ада, Шай, Осудуку) және Прамрам конфедерациясы құрылды.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсіптері – қолмен атқарылатын ауыл шаруашылығы (тары, жүгері, маниок, банан), балық аулау, ұсақ сауда және қолөнер (қыш ыдыстар, тоқымашылық, қайық жасау және балық аулау құралдары).[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі әлеуметтік жүйесі – рулық тайпалық ұйым (6 негізгі ру) және қауымдастықтың ерекше формасы – хуза, ол бір жерді бірлесіп иемденіп, оны өңдейтін адамдар тобын біріктіреді.
Дәстүрлі тұрғын үйлері - ағаштан немесе саздан жасалған тік бұрышты үй, едені топырақ, шатыры пальма жапырақтарымен жабылған.
Дәстүрлі киімді кенте және еуропалық киімдермен алмастырылғын.
Тағамдарының негізі көкөніс пен балық болып табылады.[6][7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия АДАНГМЕ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/292-%D0%90%D0%94%D0%90%D0%9D%D0%93%D0%9C%D0%95
- ↑ Адангме https://megabook.ru/article/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D0%BC%D0%B5
- ↑ Адангме https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1276868
- ↑ Современная энциклопедия - адангме http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/adangme
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1799957
- ↑ a b народы мира / Адангме http://www.etnolog.ru/people.php?id=ADAN
- ↑ Энциклопедия народов мира. Адангме
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |