Календжин
Календжин | |
(кипсигис, мараквет, сабаот, туген, элгейо, эль-мало) | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
3,6 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Каленжин (кипсигис, мараквет, сабаот, туген, элгейо, эль-мало) — Кения аумағында өмір сүретін этникалық топ. Олар нилот ұлтына ұқсас. Календжиндер құрамына: кипсигис, мараквет, нанди, покот, сабаот, туген (тукен), элгейо және басқа да кіші этникалық топтар енеді.[1] Жалпы адам саны - 3,6 млн (2008)[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Каленжиндер ана тілі ретінде каленжин тілінде сөйлейді. Суахили және ағылшын тілдері екінші және үшінші тілдер ретінде кеңінен қолданылады.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Деректерге сүйенсек, календжиндердің отаны Элгон тауы, басқа нұсқа бойынша Ежелгі Египет болып саналады. Календжиндер Орталық таулардың батыс беткейлері мен керио аңғарын мекендейді.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Каленжин діні күннің символы болған Асис атты құдайға сенді. Қайтыс болған ата-бабалардың рухына тағзым етіліп, олардың құрметіне құрбандық шалынды. Бүгінгі таңда, Кениядағы көптеген тайпалар сияқты, Каленжиндер де өздерінің кейбір дәстүрлі нанымдарымен араласқан христиан дінін ұстанады.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Каленжиннің негізгі дәстүрлі кәсібі - егіншілік, жүгері мен бидай, аз дәрежеде құмай мен тары сияқты дәнді дақылдарды өсіреді. Нандилер, кипсигилер және т.б. арасында көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған. Сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығы (көбінесе сүтті мал) біріктірілген. Каленжиндердің едәуір бөлігі Кениядағы қалаларға көшті, онда көптеген қызметкерлер Кения үкіметінде, әскери, полиция, банк, қаржы және бизнесте жұмыс істейді.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Каленжиннің құрамында Мет ақсақал кеңесі деп аталатын әртүрлі Каленжин рулары мен қосалқы руларының мүшелерінен тұратын ақсақалдар кеңесі бар. Бұл кеңес Кения тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде құрылған. Тайпадағы отбасылық қатынастар полигамдық. Дәстүр бойынша, Каленжиннің жерлеу дәстүрі бойынша тек ұрпақ әкелген отбасылар жерленеді, ал «баласыздарды» жыртқыштардың талауына тастайды.
Дәстүрлі тұрғын үйі - бұтақтардан жасалған жақтаулы лашық, төбесі шөппен жабылған.
Сүт Каленжин диетасының негізгі бөлігі болып табылады. Угали, күріш немесе чапати қуырылған етпен, әдетте сиыр етімен немесе ешкі етімен, кейде тауық етімен бірге беріледі. Дәстүрлі жеңіл тағам марио (жүгері шелпектеріне ұқсайды) бүгінгі күнге дейін танымал. Дәстүрлі мурсик сусыны мен бал ежелден деликатес (кариесе) ретінде танымал.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Календжин https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/643172
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2035163
- ↑ Календжинцы https://alphapedia.ru/w/Kalenjin_people
- ↑ КАЛЕНДЖИН https://worldgonesour.ru/stati/12223-kalendzhin.html
- ↑ КЕНИЙСКИЕ ПЛЕМЕНА И РЕЛИГИЯ https://www.shadowsofafrica.com/ru/kenya-tribes-and-religion
- ↑ Народы и культуры Календжин https://travel-journal.ru/ethno/38/721/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Календжин http://www.etnolog.ru/people.php?id=KALE