Гонга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гонга
Бүкіл халықтың саны

400 000

Ең көп таралған аймақтар

 Эфиопия

Тілдері

гонга тілі

Діні

христиандық, дәстүрлі нанымдар

ГонгаЭфиопияның оңтүстік-батысындағы омот халықтарының тобы. Олар солтүстік, орталық және оңтүстік болып бөлінеді.[1] 2000 жылғы мәліметтер бойынша халық саны 400 мыңға жуық.[2]

Тілі - гонга тілі.[3]

Дінге сенушілер: христиандар (монофизиттер мен католиктер), кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сүнниттік мұсылмандар (гаро, анфило және кафа бөлігі) бар.[4]

Орта ғасырларда олар солтүстіктен Көк Нілге дейін созылған кең аумақты алып жатты. Семит тілінде сөйлейтін халықтардың (14-16 ғғ.) және әсіресе оромолардың (16-17 ғғ.) шапқыншылығы гонгалардың қоныстану аймағын бөлшектеп, тарылтты. Гонгалардың бір бөлігі оромолармен ассимиляцияланды. 17 - 19 ғасырдың ортасында гонгалар күшті феодалдық мемлекет құрды. 19 ғасырдың 2-жартысында олар Эфиопия империясына қосылды.[5]

Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (бидай, теф, кофе), мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал, есек, жылқы), құс шаруашылығы (тауық өсіру), ара шаруашылығы. Манджо және кейбір басқа этникалық топтары аңшы, терушілер.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гонгалар дәстүрлі тайпалық құрылымды сақтаған. Бірақ оған кейінгі касталық және таптық дәстүрлер енген. Музыкалық-поэтикалық фольклор алуан түрлі.

Киімдерінен эфиопиялық түрлері басым, тері мен жапырақтан жасалған киімдер бар.

Азық-түліктері - бәліштер, дәнді дақылдар мен жарма, көкөніс қосылған соустар, ет, сыра, кофе.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2369236
  2. Материал из свободной энциклопедии https://infor24.ru/%D0%93%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D0%B0(қолжетпейтін сілтеме)
  3. Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/14142
  4. ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D0%B0
  5. Народы и культуры Г https://travel-journal.ru/ethno/31/601/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. a b народы мира / Гонга http://www.etnolog.ru/people.php?id=GONG