Камбари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Камбари
эвади
Бүкіл халықтың саны

250 000

Ең көп таралған аймақтар

 Нигерия

Тілдері

камбари тілі

Діні

сунниттер, дәстүрлі сенімдер

Камбари (эвади) — Нигериядағы халық (Кадуна мен Нигер өзендерінің арасында, Буса қаласының шығысында). Агади, ауна, аригида, ашингинни, вара, ибето, нгаски топтарын қамтиды.[1] Жалпы саны 250 мың.[2]

Нигер-Кордофан отбасының бенуэ-конго тобының камбари тілінде (камбери, эвади, ашингинни) сөйлейді. Бірнеше диалектілері бар: орталық және оңтүстік-батыс.[3]

Дінге сенушілердің діни ағымы: сүнниттік мұсылмандар, дәстүрлі сенімдер.[4]

Негізгі кәсібі егіншілік (жүгері, құмай), мал шаруашылығы, балық аулау дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұрғын үйлері – төбесі конус пішінді сабанмен жабылған дөңгелек саман үйшік.

Ерлердің дәстүрлі киімі шалбар мен қысқа жамылғы, әйелдерде жапырақтан тігілген белдемше.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Энциклопедия «Народы и религии мира» https://peoples_religion.academic.ru/43/%D0%BA%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B8
  2. Современная энциклопедия КАМБАРИ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/4724-%D0%9A%D0%90%D0%9C%D0%91%D0%90%D0%A0%D0%98
  3. Камбари https://mononews.ru/%D0%9A%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B8(қолжетпейтін сілтеме)
  4. Современная энциклопедия - камбари http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/kambari
  5. Значение слова КАМБАРИ в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2001536.html
  6. народы мира / Камбари http://www.etnolog.ru/people.php?id=KAMR