Ливиялықтар
Ливиялықтар | |
ливиялық арабтар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
4,7 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ливия |
4,5 млн. |
Мысыр |
140 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Ливиялықтар (ливиялық арабтар) — Ливияның негізгі халқы. Халқы 4,7 млн адам, оның ішінде Ливияда 4,5 млн адам, Мысырда 140 мың адам. (2009, бағалау).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ливиялықтар сөйлейтін негізгі тіл - араб тілі, ресми тіл болып табылады. Ливиялықтар Магриб диалектілер тобына кіретін араб тілінің Ливия диалектісінде сөйлейді. Қазір ірі қалаларда араб тілімен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен тараған.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ливиялықтардың 97 пайызы мұсылмандар. Ливиялықтар арасында басым дін – ислам. Олар суннизмді ұстанады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлт ретінде ливиялықтар 7-9 ғасырларда осы аумақтарға қоныс аударған аборигендер — бербер тайпалары мен арабтардың араласуы арқылы қалыптасты. Араб әскерилері басшылардың құқықтарын жойып, артықшылықтарынан айырды. Аборигендер басқыншыларға қарсы көтерілістер ұйымдастырды, бірақ олардың әскери күштеріне қарсы тұра алмады. Бірте-бірте жергілікті халық исламды қабылдады, арабтармен ассимиляцияланды. 16 ғасырда Жерорта теңізінің суларында қарақшылықпен айналыса бастаған түріктер елді басып алды. 19 ғасырда француз үкіметінің қысымымен қарақшылық тоқтап, құл саудасына тыйым салынды.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жағалауда егіншілікпен (зәйтүн, цитрус жемістері, құрма, арпа, бидай), оңтүстік және орталық аймақтарда ірі қара мал шаруашылығымен (ешкі, қой, түйе, аз дәрежеде жылқы) айналысады. Кейбір ливиялықтар мұнай кен орындарында жұмыс істейді.
Кілем, бедерлі және кестелі былғары бұйымдарын жасау, мыс ыдыстар жасау, пальма жапырақтарынан тоқу дамыған.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ливия халықтары көп жылдар бойы көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазір, әсіресе мұнайдың ашылуына байланысты көптеген өзгерістер болды. Қазіргі ливиялықтардың көпшілігі қалалық пәтерлерде тұрады. Бірақ көшпелі өмір салтын жалғастырушы тайпалар шатырларға қоныстанады. Сондай-ақ, олар жиһазсыз балшықпен сыланған үйлер салып, төсеніштерде ұйықтайды.
Киімдері араб үлгісіндегі киім. Қоғамдық орындарда қысқа, ашық әйелдер костюмдері мен ерлердің шорттарын киюге болмайды. Әйелдер үйден шыққанда бетін жауып жүреді. Негізі жұмыс істемейді, үй шаруасымен айналысады, негізінен олар көп балалы. Некеден тыс қарым-қатынасқа қатаң тыйым салынады.[5][6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2650358
- ↑ Ливийцы https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/379628
- ↑ Ливийцы — как живут потомки кочевых племен Источник: https://travelask.ru/articles/liviytsy-kak-zhivut-potomki-kochevyh-plemen
- ↑ народы мира / Ливийцы http://www.etnolog.ru/people.php?id=LIVI
- ↑ Ливийцы https://school1208.ru/raznoe/liviycy.html Мұрағатталған 5 шілденің 2023 жылы.
- ↑ Ливийцы https://www.istmira.com/novosti-istorii/15214-livijcy-narod.html
|
|