Гереро
Гереро | |
овагереро | |
Ең көп таралған аймақтар | |
---|---|
Намибия |
157 000 |
Ангола |
126 000 |
Ботсвана |
20 000 |
Тілдері | |
Діні | |
жергілікті дәстүрлі нанымдар, христиандық |
Гереро (өз атауы: овагереро)[1] — Намибияда (Оңтүстік-Батыс Африка), Виндхук пен Гротфонтейн қалаларының арасындағы аумақта және Анголада Кунене өзендерінің төменгі ағысында тұратын халық.[2] Намибиядағы саны 157 мың адам, Анголада 126 мың адам. (2006, бағалау). Олар сондай-ақ Ботсвананың солтүстік-батысында тұрады (20 мың адам).[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гереро тілінде сөйлейді, сонымен қатар африкан және нама (Намибия), тсвана (Ботсвана), ағылшын (Намибия, Ботсвана) және португал (Ангола) тілдерінде сөйлейді.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гереролардың көпшілігі жергілікті дәстүрлі нанымдарды сақтайды, кейбіреулері христиандар (протестанттар).[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсібі – мал шаруашылығы (ірі қара мал). Олар қаракөл, оның ішінде свакара сияқты сирек сортты өндірумен айналысады. Свакара сөзі Оңтүстік-Батыс Африка қаракөлінің South West Africa Karakul қысқартылуынан шыққан.[6] Сонымен қатар егіншілік (тары, құмай, жүгері) болған. Кейбір заманауи гереролар ауыл шаруашылығында және шахталарда жұмыс істейді.
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Туыстық есеп екі жақты – әкесі жағынан (орузо) және шешесі жағынан (эанда). Аумақтық топтардың басын сайланған ақсақалдар басқарды, олар сонымен қатар культ функцияларын орындайды, соғыс уақытында бір гереро көшбасшысы сайланды.
Дәстүрлі қоныстары – краал, тұрғын үйлері – ағаш қаңқаға тері жабылған шатыр.
Негізгі тағамдары – ағаш ыдыстарда немесе шарап қабығында ашытылған сүт (омаер). Сиыр етін әдетте мереке күндері жейтін.[7]
Дәстүрлі киімдері – ешкі мен қойдың иленген терісінен немесе жабайы аңдардың терісінен тігілген алжапқыштар, әйелдердікі ұзынырақ. Зергерлік бұйымдар – металл моншақтар мен спиральды білезіктер, түйеқұс жұмыртқасының қабығынан жасалған алқалар. Бүгінгі күні Гереро әйелдерінің ұлттық киімі ұзын ашық көйлектен тұрады, оның мерекелік нұсқасында шілтерлі әшекейлер және көбірек белдемшелер бар. Гереро сәнқойларының бастары әрқашан ерекше безендірілген, ұштары сиыр мүйіздерін бейнелейді.[8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/199162-gerero/
- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/78714/%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%80%D0%BE
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2354016
- ↑ Главная / Буква "Г" / http://knowledge.su/g/gerero-
- ↑ Большая советская энциклопедия Гереро https://gufo.me/dict/bse/%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%80%D0%BE
- ↑ КАК ПЛАТЬЕ В ВИКТОРИАНСКОМ СТИЛЕ СТАЛО ТРАДИЦИОННОЙ ОДЕЖДОЙ ЖЕНЩИН ПЛЕМЕНИ ГЕРЕРО http://www.control-point.ru/namibiya/gerero/
- ↑ народы мира / Гереро http://www.etnolog.ru/people.php?id=GERR
- ↑ Африканские модницы: почему облик женщин гереро так отличается от соседних народов Источник: https://travelask.ru/blog/posts/13439-afrikanskie-modnitsy-pochemu-oblik-zhenschin-gerero-tak-otli