Ишан (халық)
Ишан | |
иса, исан, эса, эсан, эшан | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
700 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
христиандық, дәстүрлі наным-сенімдер |
Ишан (иса, исан, эса, эсан, эшан) — Нигерияның оңтүстігіндегі Эдо штатында тұратын халық. 35-ке жуық этноәлеуметтік құрылымдарды қамтиды. Саны 700 мыңға жуық адамды құрайды.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бенуэ-конго тілдер отбасының эдоид тармағының эсан тілінде сөйлейді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діні бойынша христиандар (католиктер мен протестанттар) және дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанушылар.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – егіншілік. Негізгі дақылдары ямс, май және кокос пальмасы, жүгері, банан, көкөніс және т.б. Ешкі, қой, құс, кейбір ірі қара мал өсіріледі. Аңшылық пен балық аулау белгілі бір рөл атқарады. Қолөнердің ішінде тоқымашылық, ұсталық өнері ерекше көзге түседі.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі әлеуметтік бірлік - жерді иеленетін, учаскелерді өңдеу шарттарын пайдалануға алатын көп балалы отбасылардан тұратын қауымдастық. Басшылық түріне қарай бірнеше қауымды біріктіру де кездеседі. Патрилиндік және вирилокальды отбасылар жиі кездеседі. Неке әдет-ғұрыптары, ырым-жораларымен де ерекшеленеді. Фольклорлық шығармалар (ертегілер), халық аспаптарында орындалатын музыка – соқпалы және ысқылы аспаптарымен танымал.
«Ортақ үйі» және орталығында ғибадатханасы бар сақина тәрізді дәстүрлі елді мекендері бұрын орманнан тазартылған, судан алыс жерлерде құрылған. Қазіргі уақытта, бір қабатты үйлер жолдың бойында немесе екі жағында орналасқан. Тіктөртбұрышты үйлері балшықпен сыланған, есіктер мен терезе жақтаулары (салыстырмалы түрде жақында жасалған жаңалық) ағаш, төбелері пальма жапырақтарымен жабылған. Ғимараттар көп бөлмелі.
Дәстүрлі киімдері - бел немесе иыққа қапсырмалы киімдер.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ишан https://okvsk.ru/stati/3654-ishan-narod.html
- ↑ Значение слова ишан https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B8%D1%88%D0%B0%D0%BD
- ↑ Ишан https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1305445
- ↑ Народы и культуры И https://travel-journal.ru/ethno/37/707/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Ишан http://www.etnolog.ru/people.php?id=ISHA