Венда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Венда
Бүкіл халықтың саны

1,3 млн

Ең көп таралған аймақтар
 ОАР

1,1 млн.

 Зимбабве

131 000

Тілдері

венда тілі

Діні

протестантизм

ВендаОңтүстік Африка Республикасының солтүстік-шығысындағы (Лимпопо провинциясы) және Зимбабвенің оңтүстігіндегі банту тобының халқы. Оңтүстік Африка Республикасындағы саны 1,1 миллион адам, Зимбабведе 131 мың адам. (2005, бағалау).[1]

Венда тілі банту тілдерінің отбасына жатады және Оңтүстік Африка Республикасының ресми тілдерінің бірі болып табылады.[2]

Сенушілер негізінен протестанттар, дәстүрлі және синкреттік культтерді ұстанушылар бар.[3]

Дәстүрлі кәсібі қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, маниок, бұршақ, жүгері), мал шаруашылығы (ірі қара мал). Кейбір топтар темір балқыту мен соғуға маманданған. Темір бұйымдары мен мал айырбасқа және қалыңдық қалыңмалына пайдаланылды. Сондай-ақ төсеніш пен себеттер тоқу, керамика жасау дамыған.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Патрилинейлік тайпалық топтар мен үлкен отбасылық қауымдар сақталған. Неке шарты және қалыңдық бағасы деп аталатын жүйе қалыңдық үшін төленген мал оның інілерінің некесін қамтамасыз ету үшін пайдаланылған кезде тән. Өнеркәсіптік мәдениеттің таралуымен рулық топтардың тұрақты одақтары ыдырап, неке бағасында мал ақшаға ауыстырылды.

Ата-баба культі, ауыз әдебиеті сақталған.

Елді мекендері ортасында малға арналған қорасы бар сақина тәрізді, қазіргі қоныстар негізінен түзу орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері дөңгелек пішінді, сырықтар мен шыбықтардан жасалған қабырғалары сазбен сыланған. Төбесі шатырды құрайды, есіктер оюлармен безендірілген.

Дәстүрлі киімдері – теріден жасалған жамылғылар, өсімдік талшықтарынан жасалған алжапқыштар. Еуропалық киімдер таралуда.

Негізгі тағамы - көкөністер (жарма), сүт өнімдері пайдаланылады. Етті сирек жейді.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1906911
  2. Материал из Большого Справочника https://wikipedia.pp.ru/%D0%92%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B0_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)(қолжетпейтін сілтеме)
  3. ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%B4
  4. a b народы мира / Венда http://www.etnolog.ru/people.php?id=VEND