Кинга (халық)
Кинга | |
вакинга | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
100 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, христиандық |
Кинга — Танзаниядағы Ньяса көлінің солтүстік жағалауында тұратын халық. Саны шамамен 100 мың адам (1970, бағалау).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - кинга тілі, банту тілдерінің шығыс тобына жатады.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі – христиандар (католиктер, протестанттар).[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – егіншілік (тары, жүгері, құмай, бұршақ, тәтті картоп, асқабақ, күнжіт, маниок), жағалауында – балық аулау. Дәстүрлі қолөнер - ағаштан ою (маска, мүсін, т.б.), қызыл және қара түске боялған сабаннан өру (себет, ыдыс, төсеніш).[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық құрылым рулық, қауымды ақсақал басқарады. Туыстық есеп патрилинейлік, неке патрилокалдық. Би және музыкалық фольклор сақталған.
Елді мекендері шашыраңқы кейде жинақы орналасқан, кейбір ауылдар қоршаулармен қоршалған. Тұрғын үйлері судандық үлгіде, саздан жасалған дөңгелек астық қоймалары бар.
Киімдері мақта маталардан тігілген еуропалық үлгідегі киім.
Негізгі тағамдары - өсімдік тектес тағамдар.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/95393/%D0%9A%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B0
- ↑ Значение слова «кинга» в словарях русского языка https://vslovarike.ru/%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B0/%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B0 Мұрағатталған 11 маусымның 2023 жылы.
- ↑ Современная энциклопедия КИНГА https://rus-modern-enc.slovaronline.com/5079-%D0%9A%D0%98%D0%9D%D0%93%D0%90
- ↑ КИНГА http://www.aggregateria.com/K/kinga.html
- ↑ народы мира / Кинга http://www.etnolog.ru/people.php?id=KING