Даго (халық)
Даго | |
даджу, дагу | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
240 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Судан |
100 000 |
Чад |
140 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Даго (даджу, дагу) — Судан халқы (Кордофан үстіртінің оңтүстік-батысында, Дарфур үстіртінің бір бөлігі). Жалпы саны 240 000 адам. Чадта олардың саны 140 000 адамнан, Суданда 100 000 адамнан асады.[1][2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кир-Аббай отбасының Дажу тармағының даго (дажу) тілінде сөйлейді. Екінші тіл ретінде араб тілі кеңінен тараған.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діні бойынша даголар сүнниттік мұсылмандар.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі террассалы) және суармалы егіншілік (құмай, тары, күріш, жүгері, маниок, мақта тауарлы дақылдары) және мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, түйе). Қолөнерден – тоқу, қоржын, қыш, теріден жасалған бұйымдар, темір мен мыс жасау дамыған.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлеуметтік ұйымды көп балалы отбасылардан тұратын қауымдастықтар құрайды.
Елді мекендері жинақы орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, шикі кірпіштен салынған. Төбесі тегіс, топырақпен жабылған. Шаруашылық құрылыстары саз балшықты қабырғалармен қоршалған.
Ерлер киімі – жеңі кең, мойын сызығы бар туника тәрізді ақ жейделер, әйелдерде - ұзын көйлектер мен орамал.
Азық-түлікте көкөніс тағамдары мен сүт басым.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Даго https://wiki-linki.ru/Page/863846 Мұрағатталған 16 сәуірдің 2023 жылы.
- ↑ Большая Советская Энциклопедия http://www.moscowmsk.ru/encyclopedia/244422.html
- ↑ Даго https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/384054
- ↑ Значение слова даго https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE
- ↑ Народы и культуры Д https://travel-journal.ru/ethno/32/272/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Даго http://www.etnolog.ru/people.php?id=DAGO