Нуэр (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нуэр
наас, аббинар
Бүкіл халықтың саны

1,7 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Судан

1,6 млн.

 Эфиопия

100 000

Тілдері

нуер тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Нуер — Шығыс Африкадағы Батыс Нилот тобының халқы. Олар Оңтүстік Суданның солтүстік-шығысында және Эфиопияның батысында тұрады. Олар батыс нуэр (бул, леек, дьягай, док, ньюонг, доор, батыс дьикань) және шығыс нуэр (лак, тьянг, гаавар, лоу, шығыс дьи­кань) болып бөлінеді.[1] Жалпы саны 1 700 мың адам. Негізгі елдері: Судан – 1 600 мың адам, Эфиопия – 100 мың адам.[2]

Нуер тілі (өзіндік аты - таг наас) - шығыс судан тілдерінің Кир-Аббай отбасының нилот тармағының бөлігі.[3]

Дәстүрлі нанымдарды ұстанады.

Олар мал шаруашылығымен (зебу тұқымды ірі қара және ұсақ мал) және қолмен атқарылатын егіншілікпен (тары, жүгері, бау-бақша дақылдары, темекі) айналысады, аз ғана бөлігі ағаш өңдеу кәсіпорындарында және мемлекеттік плантацияларда жұмыс істейді.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шаруашылық қызметінің екі жақты сипаты генеалогиялық қарым-қатынастар жүйесі мен жас класстары жүйесі негізінде рулық-тайпалық қоғамдық ұйымның нақты түрін анықтады. Нуерлер бірнеше тайпаларға (әрқайсысы 40-50 мың адам) бөлінеді. Әрбір тайпаның өзіндік атауы, диалект ерекшеліктері және жас класстарының автономды жүйесі бар, оларда екі әлеуметтік дәреже (сатысы) ерекшеленеді: біріншісі - ұлдар, екіншісі - ер жауынгерлер. Қоғамдық еңбек бөлінісі жасына және жынысына қарай ұйымдастырылған. Бірінші дәрежелі ұлдар кез келген жұмыс түрін орындайды. 16-18 жаста инициациядан кейін ер жігіттер мал бағумен және күзетпен, сондай-ақ ерлер қызметінің басқа түрлерімен айналысады. Негізгі әлеуметтік бірлік – үлкен отбасы қауымдастығы. Неке патрилокальды.

Елді мекегдері 20-30 үйшіктерден тұрады, дөңгелек пішінді, шатыры конустық. Қабырғалары балшық, көң және ұсақталған сабан қоспасымен қапталған бұтақтардан жасалған. Елді мекендердің арасы 10-20 шақырым. Көшпелілер лагеріндегі уақытша шаруашылықтар бұтақтардан жасалған жеңіл сопақша үйшік пен тікенді бұталармен қоршалған мал қорасы – краалдан тұрады.

Дәстүрлі ерлер киімі – белдемше, әйелдердікі – былғарыдан жасалған алжапқыш, шашақтармен және моншақтары бар таспалармен безендірілген. Зергерлік бұйымдардан – аяқ-қолға сүйектен, мыстан, ағаштан жасалған білезіктер, моншақтар, бақалшықтардан жасалған алқалар тағады. Қазіргі заманғы киім - бұл ұзын мақта көйлек.

Негізгі тағамдары - сүт пен тары (жармалар, бұқтырылған тағамдар, бәліш), сондай-ақ көкөністер, сүттің қанмен қоспасы, жемістер, балық және аң. Ет сирек пайдаланылады, ырымдық мақсатта негізінен ауру мал сойылады.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2280596
  2. Значение слова НУЭР в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1842989.html
  3. Нуэр https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/386790
  4. Большая Советская энциклопедия Нуэр https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/64944-nuer/
  5. народы мира / Нуэр http://www.etnolog.ru/people.php?id=NUER