Маба (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Маба
бура, мабанг, вадаи
Бүкіл халықтың саны

574 000

Ең көп таралған аймақтар
 Чад

546 000

 Судан

28 000

Тілдері

мабан тілі

Діні

суннизм, дәстүрлі нанымдар

Маба (бура, мабанг, вадаи)[1] — Африка халқы, Чад аумағында (Судан шекарасында) және Суданның шекаралас аудандарында тұрады.[2] Мабалар масалит, мими, каранга, фала, рунга халықтарына жақын.[3] 2016 жылғы деректер бойынша маба халқының саны шамамен 574 000 адамды құрады, олар негізінен Чадтың шығыс бөлігінде (546 000 тұрғын) және көршілес Суданда (28 000 тұрғын) шоғырланған.[4]

Тілі - мабан тілі, едәуір бөлігі араб тілін біледі.[5]

Мабалардың көпшілігі сүнниттік мұсылмандар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[6]

Негізгі кәсібі егіншілік (бидай, ұсақ тары, мақта, көкөністер), ірі қара және ұсақ мал, түйе, есек өсіреді. Былғары (әшекейленген сөмкелер, ер-тұрмандар, аяқ киімдер) және керамикалық бұйымдар (боялған ыдыстар), металл өңдеу (жануарлардың мүсіндері, зергерлік бұйымдар) дамыған.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рулық және касталық бөліністер, ауыл қауымдары мен көп балалы отбасылар сақталған. Туыстық есеп патрилинейлік. Неке патрилокальды.

Елді мекендері ықшам орналасқан, тегіс төбесі бар тікбұрышты саман үйлерден тұрады, тас пен саздан жасалған қоршауы бар. Тұрғын үйлердің ішкі қабырғалары көбінесе ою-өрнектермен безендірілген.

Ерлер киімі - кең жеңді ұзын көйлек, кең қысқа шалбар, былғары сандалдар, әйелдер киімі жабық жағалы ұзын көйлек пен орамалдан тұрады.

Тағамдары – көкөніс соустары, жарма, бұқтырылған тағамдар, көкөніс тағамдары, құрма.[8]

Ертегілер, әндер, басқа да фольклорлық жанрлар сақталған.[9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Значение слова МАБА в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2014203.html
  2. Маба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/655497
  3. Маба https://wiki-linki.ru/Page/1169495 Мұрағатталған 15 шілденің 2023 жылы.
  4. Группа народа Маба зарегистрирована в 2 странах https://joshuaproject.net/people_groups/13180
  5. Большая Советская энциклопедия Маба https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/53567-maba/
  6. Большая советская энциклопедия МАБА https://bse.slovaronline.com/17078-MABA
  7. Народы и культуры Маба https://travel-journal.ru/ethno/40/308/(қолжетпейтін сілтеме)
  8. народы мира / Маба http://www.etnolog.ru/people.php?id=MABA
  9. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2150931