Нилоттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нилоттар
Бүкіл халықтың саны

26 000 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Судан  Эфиопия  Уганда  Кения  Танзания

Тілдері

нилот тілі

Діні

жергілікті діни сенімдер, суннизм, христиандық

Нилоттар — Шығыс және Солтүстік-Шығыс Африкадағы халықтар тобы. Олар шығыс, батыс және оңтүстік топтарға бөлінеді. Шығыс нилоттар Суданның оңтүстік-шығысында, Оңтүстік Суданның орталық және шығысында, Эфиопияның оңтүстік-батысында, Уганданың солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында, Кенияда және Танзанияның солтүстік-шығысында тұрады. Жалпы саны 26 миллионнан астам адам. (2012, бағалау).[1]

НілСахара тіл шоғырының Шари – Ніл тобындағы нилот тілінде сөйлейді.[2]

Нилоттардың басым көпшілігі жергілікті діни сенімдерді ұстанады, қалған бөлігі – мұсылман-сүнниттер мен христиандар.[3]

Нилоттардың негізгі дәстүрлі кәсібі – мал өсіру, оларда зебу тұқымды ірі қара, қой мен ешкі, аз дәрежеде түйе өсіріледі. Қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, жүгері, бұршақ, жержаңғақ, асқабақ, дурра), соңғы уақытта кәсіптік дақылдар – мақта, темекі өсіріледі. Олар аңшылық, балық аулау және терушілікпен де айналысады. Қолөнерден - ұсталық, керамика, тері илеу, тоқымашылық, т.б. кең таралған. Нилоттар тобындағы көптеген халықтар жартылай отырықшы, жартылай көшпелі өмір салтын жүргізеді.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоғамдық ұйым саласында нилоттық топтың көптеген халықтары патриархалдық-тайпалық қатынастардың архаикалық формаларын сақтайды, бірқатар халықтарда жас класстары жүйесі (туркана, масаи, нанди, нуэр, динка және т.б.) бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2663759
  2. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/113971/%D0%9D%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%82%D1%8B
  3. Значение слова НИЛОТЫ в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2022843.html
  4. Народы и культуры Нилоты https://travel-journal.ru/ethno/41/1092/(қолжетпейтін сілтеме)