Гола
Гола | |
гула | |
Гола әйелдері, 1906 ж. | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
160 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Либерия |
150 000 |
Сьерра-Леоне |
10 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Гола (гула) — Либериядағы (Сент-Пол мен Мано өзендерінің арасында) және Сьерра-Леоненің айналасындағы аудандардағы халық. Жалпы саны 160 мың адам, оның ішінде Либерияда 150 мың, Сьерра-Леонеде 10 мың адам.[1] Олар: гобла, денг, конгбаа, сене, теге, т.б. топтарға бөлінеді. Менделерге жақын.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар нигер-кордофан отбасының Батыс Атлант тобындағы гола тілінде сөйлейді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Голалардың көпшілігі ежелгі дәстүрлі нанымдарды сақтайды, аз бөлігі мұсылмандар.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жержаңғақ, маниок, жүгері, тәтті картоп, ямс), банан және май пальмасы өсіріледі, ірі қара және ұсақ мал өсіріледі. Қолөнерден ағаш ою (ыдыс, тарақ, ою-өрнек, мүсінше) жақсы дамыған.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маңызды рөлді жасырын бірлестіктер атқарады (поро ерлер одағы және т.б.). Музыкалық фольклор, оның ішінде би фольклоры дамыған.
Олар үлкен ауылдарда тұрады, шағын маусымдық қоныстары мен лагерлері бар. Пальма жапырақтары мен саманнан жасалған биік конустық төбесі бар дөңгелек тұрғын үй басым, қабырғалары балшықпен сыланған тік бұрышты үйлер бар.
Дәстүрлі киімі - жамбасқа оралған мата.
Азық-түліктері – негізінен күріштен жаслған ботқа, жүгері, банандар, көкөністер, балық.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/13966
- ↑ Материал из свободной энциклопедии https://infor24.ru/%D0%93%D0%BE%D0%BB%D0%B0_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Значение слова гола https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D0%B0
- ↑ a b народы мира / Гола http://www.etnolog.ru/people.php?id=GOLA