Миджикенда
Миджикенда | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,9 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
суахили тілі | |
Діні | |
Миджикенда — Кенияның оңтүстік-шығысындағы банту халықтарының тобы. Негізінен жағалауда тұрады, Момбаса және Малинди порттық қалаларының тұрғындарының едәуір бөлігін құрайды. Олар солтүстік, орталық және оңтүстік болып бөлінеді. Жалпы саны 1,9 млн адам. (2010, бағалау).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Миджикенда негізінен сүнниттік мұсылмандар, протестанттар, католиктер, дәстүрлі культтерді ұстанушылар.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, маниок, жүгері, бұршақ дақылдары, кейбір аудандарда – ананас, кокос пальмасы), бау-бақша, мал шаруашылығы (ірі қара, ешкі және қой), тауық өсіру, теңізден балық аулау. Қолөнерден – темірді балқыту және соғу, қару-жарақ пен құрал-жабдықтар жасау, зергерлік бұйымдар (темір шынжыр, сырға), қыш, ағаш өңдеу, тастан қол диірмен жасау.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық ұйым: аталық және аналық мұрагерлік, үлкен отбасылық қауымдастықтар, жас класстары жүйесі болды, еркек үйі жұмыс істеді. Моногамия - христиандар арасында, басқа миджикендалар арасында полигамияға рұқсат етілген.
Дәстүрлі елді мекендері шашыраңқы және сызықты орналасқан. Қасиетті тоғайлар деп аталатын жерлерде арнайы бекітілген ғұрыптық құрылымдар (кая) болған. Тұрғын үйлері дөңгелек немесе сопақша болып келеді. Қаңқасы сырықтар мен бұтақтардан жасалған, шөппен жабылған күмбезді жақтау, бұтақтан жасалған аласа есігі бар. Бөлме шаруашылық бөлікке (азық-түлік, инвентарь қоймасы) және тұрғын үй бөлігіне бөлінген. Қазіргі миджикендалар арасында суахили типіндегі тұрғын үйлер мен коттедждер жиі кездеседі.
Дәстүрлі киімдері - ерлерде жамбасқа, әйелдерде кеудеге оралған мата, теріден және өсімдік талшықтарынан тігілген жамылғы. Еуропалық киім түрлері таралған.
Халық ауыз әдебиеті дамыған (ән, би, этногенетикалық аңыздар).[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2211555
- ↑ Современная энциклопедия - миджикенда http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/midzhikenda
- ↑ Современная энциклопедия Миджикенда https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/203253-midzhikenda/
- ↑ Народы и культуры Миджикенда https://travel-journal.ru/ethno/40/1017/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Миджикенда http://www.etnolog.ru/people.php?id=MIDZ