Эфик

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эфик
Бүкіл халықтың саны

800 000

Ең көп таралған аймақтар
 Нигерия

704 000

 Гана

30 000

 Камерун

17 000

Тілдері

иббио тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар, христиандық

ЭфикНигериядағы халық. Көбінесе ибибо субэтникалық тобы ретінде қарастырылады. Олар Биафра шығанағының жағалауын Кросс өзенінің төменгі ағысынан Камерунның шекаралас аймақтарына дейін мекендейді. Саны 704 мың адам (2022, бағалау), сонымен қатар Камерунда – 17 мың адам, Ганада – 30 мың адам, Сьерра-Леонеде – 3 мың адам, Экваторлық Гвинеяда – 3 мың адам, Ұлыбританияда – 10 мыңға жуық адам, АҚШ-та – 5 мың адам. Жалпы саны – шамамен 800 мың адам (2022, бағалау).[1]

Тілі - иббио тілінің диалектілерінің бірі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.[2]

Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, христиандар.[3]

Олар егіншілікпен (ямс, маниок), саудамен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысады. Қолөнердің ішінде ағаштан ою, моншақпен өңдеу, шеттен әкелінген мыс лоток қуу дамыған. Эфик аумағындағы ең үлкен қала Калабар ұзақ уақыт бойы Гвинея шығанағы жағалауындағы құл саудасының орталықтарының бірі болды.[4]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуропалық отарлаудың алдында да әлеуметтік жіктелу басталып, құлдық кең тарады. Әлеуметтік ұйымның негізін ауыл және көпбалалы қауым құрайды, рулық ұйым сақталған. Туыстық есеп – патрилинейлік, неке қонысы – патрилокальдық.

Эфиктер үлкен ықшам ауылдарда тұрады. Тұрғын үйлері төртбұрышты, қабырғалары ағаш қаңқалы, сазбен сыланған, шатыры пальма жапырақтарымен жабылған.

Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын белдік, әйелдер тізеге дейін белдемше киеді.

Тамағы негізінен өсімдік тектес тағамжар (ботқалар, бұқтырылған тағамдар).

Негізгі фольклорлық жанрлар – әндер мен ертегілер.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Эфик (народ) https://bigenc.ru/c/efik-narod-3e9346?ysclid=lozdqxc3gk562535018
  2. Этноциклопедия http://www.etnosy.ru/taxonomy/term/670
  3. Значение слова ЭФИК в Энциклопедическом словарике https://slovar.cc/enc/slovarik/1835106.html
  4. Народы и культуры Эфик https://travel-journal.ru/ethno/57/908/(қолжетпейтін сілтеме)
  5. народы мира / Эфик http://www.etnolog.ru/people.php?id=EFIK