Вуте
Вуте | |
вутере | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
40 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Вуте буте, бабуте (өз атауы - вутере)[1] — Камерун Республикасындағы Санга өзенінің жоғарғы ағысында тұратын халық.[2] Оған негізгі этносқа жақын ұлттар: вава, галим, суга кіреді. Жалпы саны 40 мың адам.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - вуте тілі, орталық және шығыс Судан тілдеріне жатады.[4] Бір бөлігі фульбе, мбум, бамум және т.б. сөйлейді.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері – мал шаруашылығы (зебу), қолмен атқарылатын егіншілік (тары, ямс, таро, құмай). Қолөнерден - қоржын тоқу, ыдыс жасау сақталған.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпбалалы отбасылар қоғамдық ұйымның негізін құрайды. Неке вирилокалды.
Халық ауыз әдебиеті дамыған: аңыздар, ертегілер, әндер.
Елді мекендері түзу орналасқан. Тұрғын үйлері домалақ, қабырғалары саз балшықты (кейбір жерінде тоқылған және балшықпен жабылған) және аласа конустық төбесі бар. Саздан жасалған астық қоймалары бөтелке тәрізді.
Дәстүрлі киімдері – алжапқыш, әшекей бұйымдар.
Негізгі тағамдары – жарма, көкөністер, сүт.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Значение слова ВУТЕ в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/1985374.html
- ↑ Российские универсальные энциклопедии Брокгауз-Ефрон и Большая Советская Энциклопедия объединенный словник http://gatchina3000.ru/big/007/299_bolshaya-sovetskaya.htm
- ↑ Современная энциклопедия - вуте http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/vute
- ↑ Большая Советская энциклопедия Вуте https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/19097-vute/
- ↑ ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B2%D1%83%D1%82%D0%B5
- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/76503/%D0%92%D1%83%D1%82%D0%B5
- ↑ народы мира / Вуте http://www.etnolog.ru/people.php?id=VUTE