Мано (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мано
маа, мамиа
Бүкіл халықтың саны

220 000

Ең көп таралған аймақтар
 Либерия

190 000

 Гвинея

30 000

Тілдері

мано (ма) тілі

Діні

табиғат күштеріне табыну, ата-баба культі

Мано (маа, мамиа)[1]Либериядағы және Гвинеяның шекаралас аймақтарындағы халық.[2] Жалпы саны 220 мың адам. Либерия 190 мың адам, Гвинея 30 мың адам.[3]

Тілі - мано (ма) тілі, манде тілдер тобына жатады.[4]

Діні – табиғат күштеріне табыну, ата-баба культі, бір бөлігі ислам дінін ұстанады.[5]

Дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, маниок, тәтті картоп, таро, жүгері, құмай, тары, фонио, жержаңғақ, шаруашылықта - пальма, банан, қауын). Маусымдық жұмыс гевеа, кофе және какао плантацияларында дамыған. Дәстүрлі қолөнерден - ағаш ою, бетперде және культтік мүсінше жасау, тоқу және қыш бұйымдарын жасау дамыған.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік құрылымның негізін қауымдастықтар құрайды, үлкен отбасылардың туыстық топтары экзогамдық линидждерді құрайды. Неке патрилокалды, полигиния дамыған.

Елді мекендер шоғырлы, шағын, биік жерде орналасқан. Дөңгелек үйшіктер тобы балшықпен сыланған, қоршаумен қоршалған. Қабырғалары бұтақтардан тоқылған және саз балшықпен сыланған, рафия пальма жапырақтары мен шөптен жасалған биік конустық шатыры бар.

Дәстүрлі киімдері - әшекейленген туника киімі.

Дәстүрлі тағамдары - өсімдік тектес азықтар.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мано http://www.moscowmsk.ru/encyclopedia/319519.html
  2. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/106459/%D0%9C%D0%B0%D0%BD%D0%BE
  3. Современная энциклопедия - мано http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mano
  4. Большая Советская энциклопедия Мано https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/54957-mano/
  5. Значение слова МАНО в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2015322.html
  6. Народы и культуры Мано https://travel-journal.ru/ethno/40/980/(қолжетпейтін сілтеме)
  7. народы мира / Мано http://www.etnolog.ru/people.php?id=MANO