Сенуфо (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сенуфо
сене, сиена
Бүкіл халықтың саны

4 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Кот-д’Ивуар

1,5 млн.

 Мали

2 млн.

 Буркина-Фасо

500 000

Тілдері

сенуфо тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар, суннизм

Сенуфо (сене, сиена)[1] — Батыс Африкадағы халықтар тобы. Олар батыста Бауле, шығысында Қара Вольта және солтүстігінде Бани өзендерінің бастаулары арасында - Кот-д’Ивуардың солтүстігінде (1,5 миллионнан астам адам), Малидің оңтүстік-шығысында (шамамен 2 миллион адам) және Буркина-Фасоның оңтүстік-батысында (шамамен 0,5 миллион адам) тұрады.[2] Сенуфоның субэтникалық тобы - миньянкалар.

Тілі - сенуфо тілі, гур тобының тілдеріне жатады.[3]

Дінге сенушілер: дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері сүнниттік мұсылмандар.[4]

Қолмен атқарылатын егіншілік дамыған (тары, құмай, жүгері, күріш, мақта, бұршақ, жержаңғақ, бұршақ, тәтті картоп, маниок, көкөніс, асқабақ), тыңайтқыштар, ауыспалы егіс қолданылады. Күріш пен мақта тауарлық маңызға ие. Олар аздаған ірілі-ұсақты мал ұстайды. Жемістерді, тұқымдарды және түйнектерді жинау маңызды. Қолөнер дамыған. Ұсталар (фоно), мысшылар (лоро), тері өңдеушілер (диели) касталары бар. Лоро әйелдері қыш ыдыстар жасайды. Жүн мен мақтадан тоқу кең таралған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік құрылымда үлкен отбасылық қауымдастықтар, жас ерекшеліктеріне байланысты институттар, құпия қоғамдар сақталған. Сенуфолар «қонақ неке» үлгісімен өмір сүруге дағдыланған. Оның ерекшелігі, мұнда жұбайымен бір шаңырақ астында тұрмайды. Әйелдер мен күйеулер арасындағы кездесулер тек кешке өтеді және бір қарағанда романтикалық көрінеді: ер адам әйеліне әртүрлі тәттілермен келеді, онымен біраз уақыт өткізеді, содан кейін ата-анасының үйіне барады. Себебі сенуфо қоғамы матрилокалды топқа жатады - мұндағы адамдар аналық топтарда тұруы керек. Осыған ұқсас принцип қытайлық Мосуо тайпасының өкілдері арасында байқалады - бұл жерде әке немесе күйеу деген ұғымдар жоқ. Мұнда бірде-бір ер адам әйелімен бірге тұрмайды - оның үнемі уақыт өткізуге арналған жеке үйі бар. Бұл жерде жиі кездесетін құбылыс - ер адам әйелімен кешке және түнде отырып, келесі күні таңертең оны тыныш тастап кетеді.[6]

Сенуфо елді мекендері жинақы орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек, сабан немесе пальма жапырақтарынан жасалған биік конустық төбесі бар.

Ерлер киімі - жамылғы, кең көйлек, әйелдер киімі - тігілмеген белдемше.

Негізгі тағамдары – тары ботқасы, маниок, май және дәмдеуіштер қосылған көкөніс бұқтырмасы.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сенуфо https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1625287
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4326167
  3. Советская историческая энциклопедия Сенуфо https://my-dict.ru/dic/sovetskaya-istoricheskaya-enciklopediya/2121875-senufo/
  4. Значение слова СЕНУФО в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1845351.html
  5. Народы и культуры Сенуфо https://travel-journal.ru/ethno/45/1239/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Мужчины с женами не живут, а посещают их по вечерам https://news.myseldon.com/ru/news/index/217617091(қолжетпейтін сілтеме)
  7. народы мира / Сенуфо http://www.etnolog.ru/people.php?id=SENU