Зарамо
Зарамо | |
вазарамо, дзаламо, сагара | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,4 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
суннизм, дәстүрлі нанымдар |
Зарамо (вазарамо, дзаламо, сагара)[1] — Танзаниядағы банту тобының халқы. Олар Руфиджи, Руву, Вами өзендерінің төменгі ағысында, Морогоро қаласының маңында және одан әрі мұхит жағалауына дейін тұрады.[2] Жалпы саны 1,4 млн. адам.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі кизарамо тілі (кидзаламо).[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізінен - сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады (анимизм, ата-бабалар культі мен табиғат күштері).[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, жүгері, күріш, бұршақ дақылдары, маниок, маниок, банан, кешью жаңғағы, кокос пальмасы). Сондай-ақ олар балық аулаумен, аздап болса да мал шаруашылығымен айналысады. Кофе, мақта плантациялары бар.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зарамолар тайпалық әлеуметтік құрылымға ие. Туыстық есеп матрилиндік болып табылады. Фольклордан – тарихи, этногенетикалық мифтер, музыкалық-би шығармашылығы дамыған.
Дәстүрлі елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Үйлері дөңгелек лашық тәрізді, қабырғалары сырықтар мен шыбықтардан тоқылған, балшықпен сыланған, конус тәрізді төбесі банан немесе пальма жапырақтарымен жабылған. Ауқаттылар төртбұрышты кірпіштен салынған, төбесі плитамен немесе темірмен жабылған үйлерде тұрады.
Дәстүрлі киімдері - мақта матадан жасалған киім, ерлер ұзын ақ кең көйлек, бастарына сәлде, немесе кепке, аяқтарына былғары сандал киеді. Әйелдер блузка, балтырға дейін ұзын шалбар, алжапқыш киеді.
Негізгі тағамдары - өсімдік тектес тағамдар (жарма, дәнді дақылдардан жасалған бұқтырылған тағамдар, бұршақ дақылдары, көкөністер, маниок ұнынан жасалған бәліштер, жүгері, жемістер, көкөністер).[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия ЗАРАМО https://rus-modern-enc.slovaronline.com/4041-%D0%97%D0%90%D0%A0%D0%90%D0%9C%D0%9E
- ↑ Что такое «зарамо»? https://kakoeslovo.ru/dic/%D0%B7%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BE
- ↑ Значение слова ЗАРАМО в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1839261.html
- ↑ Современная энциклопедия - зарамо http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/zaramo
- ↑ ЗАРАМО - это... Значение слова ЗАРАМО https://sinonim.org/t/%D0%B7%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BE
- ↑ Народы и культуры З https://travel-journal.ru/ethno/36/282/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Зарамо http://www.etnolog.ru/people.php?id=ZARA