Баса (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Баса
коко, мвеле
Бүкіл халықтың саны

130 000

Ең көп таралған аймақтар

 Камерун

Тілдері

банту тілі, басаа тілі

Діні

христиандық, дәстүрлі нанымдар

Баса (коко, мвеле) - Камерундағы банту халықтарының тобы. Жалпы саны 130 мың адам.[1] Олар Санага өзенінің орта ағысының бойында тұрады.

Тілі - банту тілдері, басаа тілі[2]. Диалектілері: солтүстік коко немесе солтүстік бакоко, оңтүстік коко немесе оңтүстік бакоко, мбене.

Бастардың көпшілігі христиандар (католиктер мен протестанттар), кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды сақтайды.[3]

Негізгі кәсіптері — қолмен атқарылатын егіншілік (тары-элеусин, жержаңғақ, жүгері, маниок, ямс, бұршақ дақылдары), майлы пальма өсіріледі. Ер адамдар даланы орманнан тазартады. Әйелдер дән сеуіп, егін жинайды. Қалаларға көші-қон дамуда. Дәстүрлі қолөнерден - ағаштан ою (ыдыс-аяқ, жиһаз, маскалар), геометриялық ою-өрнектері бар қызыл және қоңыр керамика жасау дамыған.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тайпалық жіктелу сақталған, туыстық есеп патрилинейлік.

Басалардың көпшілігі шашыраңқы орналасқан ауылдарда тұрады. Қаңқасын пальма бұтақтары мен жапырақтары жауып тұратын төртбұрышты тұрғын үйлер басым. Қабырғалары ағаштан немесе саздан жасалған, жақтаулы.

Дәстүрлі киімдері – денені орайтын мата, белдік және зергерлік бұйымдар, мақта матадан тігілген заманауи еуропалық киімдер де жиі кездеседі.

Тағамның негізі - өсімдік тектес (тарыдан жасалған ботқа, көкөністер, жемістер). Балықтан жасалған тағамдар да кең тараған.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Народы и культуры Б https://travel-journal.ru/ethno/28/422/(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Энциклопедический справочник «Африка» https://africa.academic.ru/473/%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%B0
  3. Энциклопедический справочник "Африка" БАСА https://1659.slovaronline.com/534-%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%B0
  4. a b народы мира / Баса http://www.etnolog.ru/people.php?id=BASA