Сукума

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сукума
васукума
Бүкіл халықтың саны

7,3 млн. (2015)

Ең көп таралған аймақтар

 Танзания

Тілдері

суахили, сукума тілі

Діні

христиандық, анимизм

Сукума (васукума)[1]Танзанияда тұратын банту халқы, Танзанияның ең үлкен халқы. Олар негізінен Виктория көлінің оңтүстігінде (Мванза, Шиньянга аймақтары, Табора және Сингида аймақтарының солтүстігінде) тұрады. Халқы 7,3 миллион адам. (2015, бағалау).[2]

Сукума халқы суахили және сукума тілінде сөйлейді. Танзанияның ұлттық тілі - суахили, ал сукума - Нигер-Конго тілдері отбасының банту тармағына жатады.[3]

Христиан діні бір ғасырдан астам уақыт бұрын енгізілгенімен, сукума халқының басым көпшілігі әлі де анимизмді ұстанады. Сукумалырдың егін егуден бастап, балаларына ат қоюға дейінгі өмірінің барлық саласы олардың рухани және ата-баба сенімдерінің ықпалында. Христиандық 1900 жылдардың басында енгізілді және Африканың ішкі миссиясының (AIM) мүшелері жергілікті халыққа әсер еткен алғашқы христиандар болды. Англикандар кейінірек өздерінің миссионерлік жұмысын Ихелеле мен Насада бастады, ал баптисттік миссия 1970 жылдардың аяғында басталып, 1980 жылдардың басына дейін жалғасты.[4] Халықтың аз пайызы исламды уағыздайды.[5]

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатырн егіншілік (құмай, тары, жүгері, мақта). Ірі қара (қысқа мүйізді зебу), ешкі мен қой өсіреді, аңшылық және балық аулаумен айналысады. Ұсталық, ағаш өңдеу (ерлер кәсібі), керамика (әйелдер кәсібі) дамыған.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоғамдық құрылымның дәстүрлі түрі экзогамиялық рулық топтарды біріктіретін ру-тайпалық болды. Шағын отбасылар рулық және қауымдық бірлестіктерге айтарлықтай экономикалық тәуелді болды. Жас класстары мен құпия одақтар болды. Емшілер қоғамда маңызды рөл атқарды және атқарып келеді.

Сукумалар «зоотерапия» деп те аталатын жануарларды дәстүрлі медицинада қолданатын көптеген этникалық топтардың бірі болып табылады. Олар жануарлардан алынған дәстүрлі дәрі-дәрмектер ақ адамға арналған дәріханаларда сатылатын дәрілерден тиімдірек деп санайды.[7]

Дәстүрлі елді мекендері ықшам орналасқан, қоршалғант Тұрғын үйлері төбесі шөптесін конусты дөңгелек үйлерден (мсонге) тұрады.

Киімдері - былғарыдан немесе талшықтан жасалған жабындылар. Мерекелік киім көптеген зергерлік бұйымдармен және дене әшекейлерімен (негізінен бет пен аяқ) толықтырылған.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Значение слова СУКУМА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1846056.html
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4172612
  3. Кто такие Сукума? https://ru.history-hub.com/kto-takie-sukuma
  4. Мировые факты > Общество > Кто такие сукума? https://stranatur.ru/who-are-the-sukuma.html
  5. Сукума https://www.istmira.com/novosti-istorii/15865-sukuma-narod.html
  6. Народы и культуры Сукума https://travel-journal.ru/ethno/45/1277/(қолжетпейтін сілтеме)
  7. Африканские стили Sukuma [Танзания] https://afroart.ru/sukuma-tanzanija.html
  8. народы мира / Сукума http://www.etnolog.ru/people.php?id=SUKU