Дагомба
Дагомба | |
дагбамба, дагбома, дагбане | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
785 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
суннизм, дәстүрлі нанымдар, католицизм, протестантизм |
Дагомба (дагбамба (өз атауы), дагбома, дагбане, нгвана)[1] — Гананың солтүстік-шығысындағы гур тобының халқы (Солтүстік аймақтың шығысы). Олар Ақ Вольта мен Оти өзендерінің аралықтарында тұрады. Жалпы саны 785 мың адам. (2006, бағалау).[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - дагомба (дагбани) тілі.[3] Жазуы 20 ғасырдың басынан латын әліпбиіне негізделген жазу («Африка» әліпбиі).
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшілігі сунниттік исламды, сондай-ақ дәстүрлі нанымдарды, католицизмді және протестантизмді ұстанады.[4]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XV ғасырда астанасы Енди қаласында жоғарғы көсем (яна) және ауыл қауымдарының басшыларынан құралған ақсақалдар кеңесі басқаратын дагомбаның (Дагбон) ерте саяси формациясы құрылды. 18 ғасырдың ортасына дейін Дагомба Батыс Суданның сауда жүйесінің бөлігі болды, Алтын жағалаудағы орман аймағы мен Манде және Хауса елдері арасындағы сауда жолдарын бақылау үшін Нгбанья федерациясымен бәсекелес болды. Ашанти конфедерациясына тәуелділік кезеңінде (1745-1874) Дагомба Ашанти саяси және рухани мәдениетінің көптеген элементтерін қабылдады.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, тары, құмай, күріш, жүгері, фонио, жержаңғақ, бұршақ дақылдары), мал шаруашылығы, аңшылық, балық аулау, терушілік, қолөнерден - ұсталық, керамика, тоқу, тоқымашылық, ағаш ою дамыған.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық ұйым ауылдық қауымдастықтарға негізделген, көп балалы отбасылар мен патрилинейлік рулар сақталған. Неке вирилокальды.
Дәстүрлі нанымдары сиқырмен, ата-бабалар культімен және жер культімен байланысты. Маңызды рөлді жер культінің діни қызметкерлері атқарады – тенгдана («жер сақшылары»). Музыкалық фольклор дамыған (сыбызғы, люталар, піл азуынан жасалған кернейлер, т.б.).
Дәстүрлі үйлері төбесі конустық пішінді, сабанмен жабылған дөңгелек ағаш үйлер.
Ерлердің дәстүрлі киімі – қысқа жеңді ұзын жолақты жейделер, әйелдер киімі – белдемше тәрізді жамбас киім, мерекелік киім ретінде ақан кентесі қолданылады.
Негізгі тағам - сүт және өсімдік тектес азықтар (жарма, бәліштер, бұқтырылған және пісірілген бұршақтар және түйнектер).[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Энциклопедический справочник "Африка" Источник: http://otpusk-info.ru/journey/encyclopedia/africa/fc/slovar-196-1.htm
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2627455
- ↑ ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D0%B0
- ↑ Дагомба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/384091
- ↑ Главная / Буква "Д" / http://knowledge.su/d/dagomba-
- ↑ Народы и культуры Д https://travel-journal.ru/ethno/32/273/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Дагомба http://www.etnolog.ru/people.php?id=DAGM