Ила (халық)
Ила | |
баила | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
200 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
банту тілдері | |
Діні | |
Ила — Замбияның солтүстігі мен Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігіндегі банту халықтарының тобы (Кафуэ өзені бассейні).[1] Халқы 200 000 адам. Оған сонымен қатар мбала, лумбу, биши және лундве этникалық топтары кіреді.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - тонга банту тілдер тобы.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілер - протестанттар, сүнниттік мұсылмандар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аңыз бойынша олар өздерін Ұлы көлдер аймағынан солтүстіктен келген иммигранттар деп санайды.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсіптері – жайылымдық мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал). Мал беделдің өлшемі, неке төлемінің негізгі нысаны болды және жерлеу рәсімінде сойылды. Қолмен атқарылатын егіншілік (19 ғ. ортасынан жүгері, құмай және маниок), аз дәрежеде аңшылық және балық аулау дамыған. Дәстүрлі қолөнерден - керамика, тоқу, темір балқыту және өңдеу, сүйек және ағаш ою дамыған. Заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, экспорттық дақылдар, маусымдық жұмыстар өріс алып, әлеуметтік стратификация процесі жүріп жатыр.[3]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін көсем басқаратын руларға (чиши) біріктірген көпбалалы қауымдар құрайды. Аталық мұрагерлік, шағын отбасылар таралуда, рулық экзогамия жартылай сақталған.
Дәстүрлі қоныстары сақина тәрізді орналасқан, ортасында мал қорасы бар. Тұрғын үйлері домалақ пішінді, қабырғалары өрілген, ішінен сазбен сыланған, төбесі конус тәрізді көңмен жабылған.
Дәстүрлі киімдері - өсімдік талшықтарынан жасалған тері жамылғылары, белбеулер мен юбкалар. Қазір еуропалық үлгідегі заманауи киімдер. Әр түрлі шаш үлгілері бар, әсіресе ерлерде (әр түрлі жас және әлеуметтік мәртебелерді көрсетті).
Тағамдар негізінен – сүт, сүт өнімдері.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ИЛА http://www.aggregateria.com/I/ila.html
- ↑ Энциклопедический справочник «Африка» https://africa.academic.ru/1298/%D0%B8%D0%BB%D0%B0
- ↑ a b народы мира / Ила http://www.etnolog.ru/people.php?id=ILAZ