Амбунду
Амбунду | |
мбунду, кимбунду | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
3 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, католицизм |
Амбунду (мбунду, кимбунду) — Анголадағы банту халқы. Олар Данде, Бенго, Кванза өзендерінің бассейнінде және Луандаға жақын жерде тұрады. Жалпы саны 3 млн. (2000 ж.).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар кимбунду немесе донго тілдерінде сөйлейді,[2] португал тілі де кең таралған.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сонымен қатар христиан католиктер.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауызша деректер бойынша амбунду XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басынан Кванго өзенінің шығысындағы аудандардан қоныс аударды. XV-ғасырда амбунду Ндонго мемлекетінің қалыптасуын құрады. XVI-ғасырдың аяғынан бастап олар португалдықтармен белсенді сауда жүргізді. 1624 жылы билеушісі Анна Нзинга Мбанди Нгола португал экспансиясына қарсы қарулы соғысты басқарды, ол қайтыс болғаннан кейін XVII-ғасырдың аяғына дейін оның мұрагерлері, Матамба руының билеушілерімен жалғасты.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсіптері (16 ғасырдан бастап) қолмен атқарылатын ауыспалы егіншілік, онда тары мен құмайдың басымдығы болды, сондай-ақ аң аулау және ұсақ мал өсіру. Қолөнер (темір балқыту және өңдеу, керамика, тоқу, т.б.) және темір мен тұздың ішкі саудасы біршама дамыды. Ауыл шаруашылығында Америкадан әкелінген маниок пен жүгері басым рөл атқарады. Амбундулардың көпшілігі коммерциялық маңызы бар қант қамысы, кофе, банан, күріш, темекі өсіреді. Қалалардың тұрғындары, ең алдымен, Луанда, өнеркәсіп өндірісімен және қызмет көрсету секторымен айналысады.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуропалықтармен ұзақ мерзімді байланыстар амбундуларға, әсіресе қала тұрғындарына, еуропалық сәулет, киім, тамақ және әдет-ғұрыптардың таралуына қатты әсер етті. Отаршылдыққа дейінгі дәуірдің кейбір мерекелері сақталған: Луанда балықшыларының жыл сайынғы мерекесі, еске алу рәсімдері («күл сыпыру») және т.б.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Амбунду https://megabook.ru/article/%D0%90%D0%BC%D0%B1%D1%83%D0%BD%D0%B4%D1%83
- ↑ Современная энциклопедия - амбунду http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/ambundu
- ↑ Значение слова АМБУНДУ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1835891.html
- ↑ Амбунду https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/271192
- ↑ народы мира / Амбунду http://www.etnolog.ru/people.php?id=AMBU
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |