Грустар
Грустар | |
гурунси, грунши | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
850 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Гана |
400 000 |
Буркина-Фасо |
450 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Грустар (өз атауы: гурунси, грунши)[1] — Гананың солтүстігінде және Буркина-Фасоның шекаралас аймақтарында тұратын халық.[2] Жалпы саны 850 мың адам. Негізгі қоныстанған елдері: Гана – 400 мың адам, Буркина-Фасо – 450 мың адам.[3] Олар келесі топтарға бөлінеді: буилса (було, канжага), бугули, дафоро, касена (касуна), курумба (курума), нунума, сисала, тампруси (өз атауы - тамполенсе) т.б.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар груси тілдерінде, Буркина-Фасода бамана, дбюла, моор, француз, Ганада акан, хауса, ағылшын және басқа тілдерде сөйлейді.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олардың көпшілігі жергілікті дәстүрлі нанымдарды сақтайды, аз бөлігі христиандар мен мұсылмандар.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі қолмен атқарылатын егіншілік (сорго, фонио, жержаңғақ, жүгері, бұршақ, тәтті картоп, ойпатты жерлерде – күріш, ямс, егістік дақылдары – күріш, жержаңғақ, ямс). Егін егу мен жинауды әйелдер, жер өңдеу, бұталарды тазалауды ерлер жасайды. Грустар ірі және ұсақ мал өсіреді. Гананың оңтүстік аймақтарындағы какао плантацияларында маусымдық жұмыс кең таралған. Көркем қолөнерден - керамика, тоқу, кілемше тоқу дамыған.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қауымдық патриархалдық дәстүрлер сақталған. Көп және шағын отбасылар, көп әйелділік жиі кездеседі, туыстық есеп патрилинейлік.
Сисал және басқалардың тұрғын үйлері судандық типтегі (конустық төбесі бар дөңгелек лашықтар) үйлер. Нунумдар, буилса және басқалары шатыры пальма жапырақтары мен шөптен жасалған тік бұрышты үйлер. Көп балалы отбасыларда асхана, қора, ошақтар жиі кездеседі.
Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын мата бөлігі.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия - груси http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/grusi
- ↑ Груси`Большая Советская энциклопедия`http://rudictionary.com/enc_modern/Grusi-3072.html Мұрағатталған 11 сәуірдің 2023 жылы.
- ↑ Современная энциклопедия Груси https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/199588-grusi/
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1933393
- ↑ Значение слова ГРУСИ в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/1990612.html
- ↑ Народы и культуры Г https://travel-journal.ru/ethno/31/611/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Груси http://www.etnolog.ru/people.php?id=GRUS