SMS
Short Message Service немесе SMS (қысқаша хабар қызметі) — бір ұялы телефоннан екінші телефонға мәтінді хабарды жіберуге және қабылдауға мүмкіндік береді. Ұялы телефонның пернетақтасының 160 белгісін латын әліпбиін немесе 70 басқа да, ұлттық мысалы кирилл және қытай әліпбиіне 70 белгі қолданылады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлемдегі ең алғашқы хатты “Vodafone” компаниясының инженері Нейл Пэпуорс (Neil Papworh) жіберді. Тарихтағы алғашқы SMS-хат 1992 жылдың желтоқсан айында оның ұялы телефоны арқылы әріптестерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау ретінде бірінші хат жіберілді. Міне осылай жаңа технология әлемдегі миллиондаған адамдардың өмірінің бөлінбес бөлігіне айналды.
Бірақ, ол бірден қабылданбады. Бұған он жылдан аса уақыт қажет болды. Жаңа қызметтің мүмкіншілігін алғашқы болып бағалаған бизнесмендер мен менеджерлер болды, олар жаңа қызметтің арқасында ұялы телефонмен сөйлесу мүмкіндігі жоқ кезде, мысалы жиналыс кезінде ақпараттармен алмаса алды. Бұл қызмет, әсіресе, биржадағы брокерлер арасында кең тарады, биржа алаңындағы айқай-шуға қарамастан маңызды ақпараттарды SMS-хат арқылы ала алады. Кәзіргі кезде бұл қызмет халық арасында кең таралды: студенттер, қызметкерлер, шенеуніктер және бизнесмендер барлығы хат мәтіндерін жазып жібере алады.
SMS хаттың бір артықшылығы оның бағасы сөйлесу бағасымен салыстырғанда арзан. SMS хат ұялы телефонның жадында оңай сақталады, сондықтан да оны жылдам оқу міндетті емес. SMS хат адресат иесіне, мейлі, ол ұшақта болсын немесе батерея қуаты бітсе де ұялы телефон қызмет желісі аясына шыққанда хабар міндетті түрде алады. Адресатқа хабар жеткендігі туралы да растайтын хабар келеді.
SMS технологиясы негізгі ұялы желілермен (GSM, NMT, D-AMPS, CDMA) қолданылады. SMS-хаттарды телефондарға интернет немесе басқа желілермен (пейджиң, фидонет, x.25 және басқа да) жіберуге болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|