Warcraft: Orcs & Humans
Warcraft: Orcs & Humans (ағылшыннан аударғанда "Соғыс өнері: Орктар және Адамдар") – Blizzard Entertainment компаниясы шығарған, шың уақытындағы стратегия жанрдағы компьютерлік ойын. кейін танымал франшизаға айналған Warcraft сериясының алғашқы ойыны. 1994 жылы[1] 23 қарашада Солтүстік Америкада DOS платформасына шықты. 1995 жылы Interplay және Ubisoft компаниялары ойынды Еуропада шығарды, ал 1996[1] жылы Macintosh-қа шықты. MS-DOS нұсқасын 2002 жылы Sold-Out Software компаниясы қайта шығарды.
Warcraft: Orcs & Humans арқылы Blizzard ойыншыларды көппайдаланышуға арналған ойындардың маңызды екеніне сендіріп, осы жанрда ойындарды жасауға үлкен әсер етті. Миссиялар дизайнына және геймплей элементтеріне, кейін басқа ойын жасаушылар қолдана бастаған инновациялар енгізілді. Үлкен тиражбен таралған ойын, бейінді баспасөзде жақсы қарсы алынып, жанрдың танымалдығын арттырды.
Blizzard компаниясы бұл ойында бас назарын кіші мөлшердегі әскердің басқаруына және ойынның сюжетіне аударды. Бұл ойын үш жүлдеге ие болды, басқа үшеунің финалисты болды. Ойынның жалғасы Westwood Studios компаниясының Command & Conquer ойын сериясының басты қарсылысына айналды, бұл қарсылықтық жанрдың танымалдығын арттырды.
Ойын үдерісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Warcraft – шың уақытандығы стратегия[2][3]. Ойыншы Азеротта тұратын адамдардың немесе шабылдаушы орктардың рөлін алады[4]. Жалғыз ойыншыға арналған кампанияда ойыншы бірнеше сюжетті миссияларды өтеді. Олардың мақсаттары әр түрлі бола алады, дегенмен көбнесе ойнышы өз базасын құрып, ресурстарды жинап, жеңіске жетіге мүмкіндік беретін әскерді құрудан тұрады. Көп ойыншыға арналған режимінде ойншылардың мақсаты басқа ойнышылардың базаларын толығымен жою. Кейбір карталарда жабайы монстрлар кездеседі, кейбір уақытта оларды өз әскеріне қосуға болады. Екі жақта да, жақыннан және алыстан соғыса алатын юниттер және арнаулы юниттер бар.
Ойын режимдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Warcraft: Orcs & Humans ойыны Dune II ойының "базаны сал, армияны құра, жауды жой" идеясын жаңа режимдер кіргізу арқылы дамытады.[2]Олардың ішінде жаңа миссия түрлері: ойыншының өз нәсілінің көтерілісшілерін жаулау, қоршауға алынған қалаларды құтқару және қалпына келтіру, жаудың лагерінен жақтас күштерін құтқарып, жаудың басты базасын бұзу және екі жақтың да күштері шектелген миссиялар[5].
Сонымен қатар, ойын екі ойыншыға, олардың ойын платформасына қарамастан, бір-бірімен немесе модем желісі арқылы ойнауға мүмкіндік береді. Басқа ойыншылармаен және ЖА-мен шайқастар кездейсоқ карталарды генератордың қолдауымен жүреді[2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b https://vgtimes.ru/games/warcraft-orcs-humans/release-dates/
- ↑ a b c https://web.archive.org/web/20091120052650/http://www.gamespot.com/gamespot/features/all/real_time/p3_01.html
- ↑ http://www.techradar.com/news/gaming/the-past-present-and-future-of-rts-gaming-634983?src=rss&attr=newsgaming
- ↑ http://uk.ign.com/articles/2009/08/18/ign-presents-the-history-of-warcraft
- ↑ https://web.archive.org/web/20090422024214/http://www.justgamesretro.com/PC/warcraft.html