Stellaris
Stellaris – Paradox Development Studio жасаған 4X гранд стратегия жанрындағы видео ойын. Ойында ойыншылар жұлдызаралық өркениетті таңдап, галактиканы зерттеу, колонизациялау, басып алған аумақтарды басқаруды жүргізеді. Таңдалған өркениет басқа жатғаламшарлық өркениеттерді кезіктіріп, дипломатия, сауда және соғыс әрекеттерін жүргізе алады. Ойын алғаш 2016 жылғы 9 мамырда Windows, macOS және Linux-та қолжетімді болды, ал PlayStation 4 пен Xbox One-ға 2019 жылдың 26 ақпананында Stellaris: Console Edition атымен шығарылды.
Ойын барысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Stellaris шынайы уақытта ойналатын, 4X және гранд стратегия элементтерін қосқан ойын. Ойынның басты алаңы – Құс жолы галактикасының картасы. Картада жекелеген күн жүйелері мен оларды байналыстыратын гиперлейндар және қосымша элементтер көрсетіледі. Ойыншы FTL мүмкіндігі бар өркениетті басқарып, ойында империя деп аталады, галактиканы зерттеп, күн жүйелерін ашып, колонизация процесін жүргізеді. Өмір сүруге қолайлы ғаламшарларды империя құрамына қосып, экономикалық, технологиялық және әскери дамытуды қатар жүргізіп отырады.
Ойынның басында әр ойыншыға империя иелік ететін "этикалық жүйелер" және азаматтық принциптерін таңдауға мүмкіндік беріледі. Этикалар жалпы саны 8 категориядан тұрады.