Otomat

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Otamat

Отомат - кез келген ауарайында жүре беретін, кемеге қарсы 1970-ші жылдары дамытылған итальяндық[1] зымыран кешені. Ол - алыс қашықтыққа белсенді, радио-локациялық, өздігінен барлайтын тұмсығы бар қару. Италия, Франция, Египет, Ливия, Перу, Венесуэла мен басқа да елдердіӊ әскери-теӊіз күштерініӊ қаруы қатарында тұр.

Бұл зымыран кешенін Француздық Матра Дефенс компаниясы мен итальяндық ОТО Мелара фирмасы бірігіп жасаған. Зымыран арнайы контейнерден екі үдеткіштіӊ көмегімен 18-20 көтерілу бұрышында іске қосылады. Үдеткіштер тасымалдағыштан 160 метр биіктікте, сағатына 1100 ұшу жылдамдығында бөлінеді. Отомат жүйесі зымыран мен бақылау-тексеру аппаратынан және тасымалдауды, сақтауды және зымыранды іске қосуды қамтамасыз ететін шыны-пластиктен құралған. Отомат зымыраныныӊ фюзеляжы бес бөліктен: басы, ұрысқа түсетін бөлігі, басқарудыӊ борттық жүйесі мен барлау жүйесінен және жанармай қозғалтқышынан құрылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]