CASA/IPTN CN-235
CN-235 | |
Түркия ӘӘК CN-235 ұшағы | |
Түрі |
Көліктік ұшақ |
---|---|
Жобалаушысы |
CASA/IPTN |
Өндірушісі | |
Алғашқы ұшуы |
1983 жылы 11 қараша |
Қолданысқа енгізілуі |
1988 жылы 1 наурыз |
Негізгі эксплуатанттары | |
Басқа эксплуатанттары |
Түркия ӘӘК |
Өндіріс жылдары |
1983 - қазірге дейін |
Өндірілген бірліктері |
273[1] |
Нұсқалары | |
CN-235 Ортаққорда |
CASA/IPTN CN-235 — испандық CASA және индонезиялық IPTN бірігіпе жасап шығарған орта қашықтықтық екі қозғалтқыштық көліктік ұшақ. Ұшақ аумақтық және әскери-көліктік болып жасалған. Әскери ұшақтың негізгі міндеттеріне жағалау патрулі, бақылаушы және әуе көлігі жатады. Ұшақтың ең көп қолданушысы Түркияда 61 ұшақ бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жобалануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұшақты испандық Construcciones Aeronáuticas SA (CASA) мен Indonesian Aerospace (PT. Dirgantara Indonesia, кезінде IPTN деген атаумен белгілі болған) компанияларынан құралған Airtech консорциумы жобалап жасады. Жоба бойынша серіктестік тек 10 және 100/110 серияларын аясында жүргізілді, кейінгі нұсқаларды компаниялар өз бетінше жасады. Қазіргі кезде CN-235 ұшағының әр түрлі нұсқадағы 230 ұшағы қолданыста және олар 500 000 ұшу сағатын жинақтаған.
Жобалау жұмыстары 1980 жылы қаңтарда басталды, ал ұшақтың алғашқы ұшуы 1983 жылы 11 қарашада болды. Испандық және индонезиялық ұшу сертификаттары 1986 жылы 20 маусымда берілді. Бірінші сериялық ұшақ 1986 жылы 19 тамызда алғаш рет ұшты, Ақш ФҰА тип сертификаты 1986 жылы 3 желтоқсанда берілді. Ұшақ қолданысқа 1988 жылы 1 наурызда енгізілді.
1955 жылы CASA CN-235 ұшағының ұзартылған нұсқасын — C-295 ұшағын жобалап бастады. 2002 жыл желтоқсанда Колумбия ӘТК есірткіге қарсы күрес миссиялары мен патрульдік мақсатқа арналған 2 CN-235 ұшағына тапсырыс берді.
2005 жылы сәуірде Венесуэла CN-235 ұшағының 2 теңіз барлау ұшағы мен 10 көліктік ұшақ нұсқаларына тапсырыс берді, алайда тапсырыс тоқтатылды, себебі ұшақ авионикасында американдақ технологиялар бар деген АҚШ үкіметі келісімді жасауға рұқсат бермеді.[2]
2006 жылы қаңтарда Таиланд Indonesian Aerospace-ке 10 ұшаққа тапсырыс берді, алтауы Қорғаныс министрлігіне, төртеуі Ауыл шарушылық министрлігіне.
2007 жылы желтоқсанда Испания азаматтық гвардиясына арналған екі теңіз патрульдік CN-235 ұшақғына тапсырыс берілді, ұшақтар 2008-2009 жылдары тапсырылды.
2008 жылы маусымда Indonesian Aerospace бір CN-235 MPA ұшағын Индонезия Қорғаныс министрлігіне тапсырды.
2006 жылдың тамызына қарай тек үш CASA CN-235-10 ұшақтары әуекомпанияларында қолданыста болды, африкалық Safair (екеу) мен Tiko Air (біреу) компанияларында.[3] 2007 жылдың жазына қарай бір CN-235-220 филиппиндік Asian Spirit әуекомпаниясында қолданыста болды.
Ирландияның әуе корпусы екі CASA ұшағын теңіз патрулі ретінде қолдануда.
Соңғы екі CN-235S АҚШ ӘӘК құрамындағы мақсат белгісіз 427 Арнайы операциялар эскадрильясында (бұрынға Поуп әуебазасы, Солтүстік Каролина) қолданыста.[4]
2008 жылы шілдеде Мексика ӘТК алты CASA CN-235S ұшақтарын Испаниядан тапсырыспен алатынын мәлімдеді.[5] 2010 жылы сәуірде Эрве Морен, Франция қорғаныс министрі, сегіз CN-235-300 ұшағына Испанияға тапсырыс бергенін хабарлады.[6]
2011 жылы Indonesian Aerospace 96 миллион долларға бағаланған Оңтүстік Корея жағалау қызметіне арналған 4 CN-235-110 теңіз патрульдік ұшатары бойынша жұмыс жасап жатты.[7]
Нұсқалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- CN-235-10
- Бастапқы өндірістік нұсқа (екі компания 15 ұшақ жасап шығарды), GE CT7-7A қозғалтқыштарымен жабдықталған.
- CN-235-100/110
- Негізінен 10 серияға ұқсас, бірақ жаңа композитті материалдан жасалған гондолада орналасқан GE CT7-9С қозғалтқышымен; 1988 жылы 31 сериялық ұшақтан бастап өндірісте 10 серияны алмастырды. 100 сериясы Испанияда, ал 110 сериясы Индонезияда өндірілген. 110 сериясы ұшақтарында электронды, ескерту және экологиялық жүйелер жақсартылған.
- CN-235-200/220
- Жақсартылған нұсқа. Ұшақтың қанаты мен бағыт рулінің аэродинамикасы жақсартылды, ұшу алаңы ұзындығына талаптары азайтылды және максимал пайдалы жүктемесімен ұшу қашықтығы ұзартылды. 200 сериясы Испанияда, ал 220 сериясы Индонезияда өндірілген.
- CN-235-300
- Honeywell International Corp. авионикасы орнатылған 200/220 сериясы ұшақтарының нұсқасы. Басқа жақсартулар ішінде қысымы жақсартылған және екі дөңгелектен тұратын алдыңғы шасси де бар.
- CN-235-330 Phoenix
- IPTN ұсынған 200/220 сериясының модификациясы, ұшақта жаңа Honeywell авионикасы, ARL-2002 EW жүйесі орнатылған және максимал ұшу салмағы 16.800 кг дейін көбейтілген. Аустралия Корольдік Әуе күштерінің тактикалық жүк тасымалдаушы ұшағының №5190 жобасы бойынша дайындалды, алайда қаржылық қиындықтарға байланысты жоба 1998 жылы жабылды.[8]
- CN-235 MPA
- Теңіз патрулі. Ұшақта AM-39 Exocet-Missiles немесе Mk.46-Torpedos ракеталарына арналған 6 түйін ілмек бар.[9]
- HC-144 Ocean Sentry
- АҚШ Жағалауы күзетіне арналған ұшақ нұсқалары. 22 жаңа ұшақ кішірек HU-25 Guardian ұшақтарын алмастырады деп жоспарланған.[10] 2010 жылға қарай 12 ұшақ тапсырылған.[11]
Қолданушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әскери қолданушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Камерун ӘӘК 2012 жылы маусымда бір CN-235 ұшағына тапсырыс берді.[14] Ұшақ тапсырылуы 2013 жылдың шілдесіне жоспарланған.[15]
- Индонезия ӘТК CN235MPA[20]
- Ирландия әуе корпусы (2 x CN235MP)[21]
- Иордания Корольдік ӘӘК (2 Түркия ӘӘК-не лизингке берілген, кейінрек оларды ATK ұрыстық ұшаққа қайта жабдықтайды)
- Мексика ӘТК (Мексика Конгрессі алты CN235-300MPA ұшағын сатып алуға бюджетті бекітті. Алғашқы екі ұшақ 2010 жылы қыркүйекте тапсырылды.[23][24])
- Мексика Федералды полициясы (2x CN235)[25]
- Пәкістан ӘӘК (4× CN235-220) [26]
- Корея Республикасы ӘӘК (20; 12 ұшақты CASA Испанияда, 8 ұшақты IPTN Индонезияда өндірді)[28]
- Корея жағалау күзеті (4)
- Испания ӘӘК (18)[30]
- Испания Азаматтық гвардиясы (2x бақылау ұшағы)
Техникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сипаттамалар | CN-235-100 | ||
---|---|---|---|
Экипаж | 2 ұшқыш | ||
Сыйымдылығы | 44 жолаушы | ||
Ұзындығы | 21,40 м | ||
Қанат жаймасы | 25,81 м | ||
Қанат ауданы | 59,10 м² | ||
Биіктігі | 8,177 м | ||
Фюзеляж ені | 2,90 м | ||
Салон ені | 2,70 м | ||
Максималді ұшу салмағы | 16500 кг | ||
Крейсерлік жылдамдығы | 389 км/сағ (4575 м биіктікте) | ||
Максималді жылдамдық | 452 км/сағ | ||
Ұшу қашықтығы | 4720 км | ||
Максимал көтерілу биіктігі | 5485 м | ||
Қозғалтқыштар (2×) | General Electric CT7-9C ТВҚ | ||
Қозғалтқыштың қуаты | әрқайсысы 1394,5 кВт |
Дереккөздер: Jane's All The World's Aircraft 1993–94[34], MILITARY INFORMANT[35]
Апаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2011 жылдың 23 маусымына сәйкес түрлі ресми емес шетелдік ақпараттарға сәйкес 9 ұшақ түрлі әуе апаттарына ұшыраған. Апаттарда 92 адам қаза тапты.[36]
Уақыты | Борт нөмірі | Апат орны | Құрбандар | Қысқаша сипаттама |
---|---|---|---|---|
25.02.1992 | Чили E-217 | Тениенте Марша атындағы әуежай, Антарктика | 0/11 | |
21.07.2005 | Индонезия A-2301 | Индонезия Ачех | 3/23 | |
11.02.2013 | Либерия 3X-GGG | Либерия Конакри | 11/11 |
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Airbus Orders Мұрағатталған 25 мамырдың 2013 жылы.
- ↑ the U.S. ambassador to Spain, Eduardo Aguirre, said that Washington could refuse to allow U.S. technology to be transferred to Venezuela, adding that "in the long run we hope the sale won't go ahead."
- ↑ Flight International, 3–9 қазан 2006
- ↑ USAF Serial Number Search CN-235
- ↑ http://blog.elgrancapitan.org/?p=586 Мұрағатталған 16 ақпанның 2012 жылы.
- ↑ Francia compra a EADS ocho aviones CN-135-300 por 250 millones de euros. Libertad Digital (4 сәуір 2010). Тексерілді, 2 қазан 2011.
- ↑ RI seeks to exchange planes with South Korea. The Jakarta Post (20 мамыр 2011). Тексерілді, 2 қазан 2011.
- ↑ Mengenang CN-235 Phoenix Project-Australia (маусым 12, 2013).
- ↑ CN-235 Persuader Maritime Patrol Aircraft – Airforce Technology
- ↑ USCG: Acquisition Programs & Projects. US Coast Guard. Тексерілді, 26 қаңтар 2012.
- ↑ USCG: HC-144A "Ocean Sentry" Maritime Patrol Aircraft. US Coast Guard Acquisitions Directorate (20 желтоқсан 2010). Тексерілді, 26 қаңтар 2012.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 46.
- ↑ a b Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 47.
- ↑ Hoyle, Craig Cameroon signs deal for CN235 transport. Flightglobal (6 маусым 2012). Тексерілді, 9 маусым 2012.
- ↑ Airbus Military welcomes Cameroon as new operator. Мұрағатталған 14 сәуірдің 2014 жылы.
- ↑ a b Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 48.
- ↑ a b Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 49.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 50.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 51.
- ↑ a b Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 52.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 53.
- ↑ a b Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 55.
- ↑ Defence Security Report. Janes.com (3 желтоқсан 2008). Тексерілді, 2 қазан 2011.
- ↑ http://www.semar.gob.mx/transparencia/informes_labores/2_inf_labores.pdf Мұрағатталған 19 наурыздың 2009 жылы.
- ↑ Mexican Police Aviation Мұрағатталған 12 маусымның 2011 жылы.
- ↑ John Pike Pakistan Air Force Equipment. Globalsecurity.org. Тексерілді, 2 қазан 2011.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 57.
- ↑ Jackson 2003, p. 207.
- ↑ a b Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 59.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 60.
- ↑ a b Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 61.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 63.
- ↑ Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 64.
- ↑ Lambert 1993, pp. 127–128.
- ↑ Aeritalia CN.235 Военно-транспортный самолет. MILITARY INFORMANT. http://military-informer.narod.ru/.
- ↑ ASN Aviation Safety Database. CASA/Nurtanio CN.235
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Бұл — Ұшу аппараты бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |