[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Bombardier CRJ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Bombardier CRJ
Түрі

жолаушы ұшағы

Өндірушісі

Bombardier

Мемлекеті

 Канада

Алғашқы ұшуы

10 мамыр 1991

Қолданысқа енгізілуі

1991

Негізгі эксплуатанттары

Comair (81)

Басқа эксплуатанттары

Air Jazz (64) Lufthansa CityLine (32) UTair (15) РусЛайн (15) Ак Барс Аэро (13) Ямал (7) ИрАэро (6) Северсталь-авиа (3)

Өндіріс жылдары

1991

Өндірілген бірліктері

1668 [1]

Bombardier CRJ Ортаққорда


Bombardier Canadair Regional Jet (CRJ) — аймақтық қысқа-фюзеляжды реактивті ұшақтар түрі. Бұл ұшақ алғашқы ұшуын 1991 жылдың 10 мамырында орындады. CRJ-100 50 орындық ұшақтардың ішіндегі заманауи деңгейдегі ұшақ болды. Жылдамдығы бойынша бұл ұшақты классы үлкенірек ұшақтармен салыстыруға болады, ал үнемділігі өз классына сай келеді. Бұл ұшақ моделінің тағы бір ерекшелігі — Уиткомбтың шайбалары (қанаттың ұштары). Бұл ұшақтардың түрі ұшу ұзақтығы мен фюзеляждың ұзындығына қарай бірнеше модификациядан тұрады.

Модификациялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Bombardier CRJ 100

CRJ-100 50 орындық ұшақтар арасындағы заманауи деңгейге жеткен алғашқы ұшақ. CRJ ұшақтар отбасысының ең қысқа өкілі. General Electric CF-34A1 қозғалтқышымен жабдықталған.

Толық мақаласы: Bombardier CRJ 200

Табысты CRJ-100 моделі 1995 жылы CRJ-200 болып жаңартылды - ұшаққа жаңа, үнемді әрі қуатты General Electric CF-34B1 қозғалтқыштары орнатылды. CRJ-200 ұшақтары жақсартылған сипаттамаларға ие: бұл түр түрлі қиын метеорологиялық жағдайларда және биіктаулы аэродромдардан ұшуға қабілетті. Ыңғайлы былғары креслолармен жабдықталған бесорынды жайлы салон, инженерлік-техникалық шешімдер арқасында, эконом немесе бизнес/эконом класстарға оңай қайта жабдықталына алады.

2001 жылы шілдеде Bombardier өзінің Bombardier CRJ200 ұшағының 44 орынды нұсқасын жасайтындығын хабарлады. Бұл нұсқаға Bombardier CRJ440 атауы берілді. Ұшақтың осы нұсқасына алғашқы болып Northwest Airlines әуе компаниясы тапсырыс берді.[2]

Bombardier CRJ ұшақ түрінің сипаттамалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
CRJ100/200 CRJ700 CRJ900 CRJ1000
Экипажы 2 пилот
Жолаушылар саны 50 70 88 100
Ұзындығы, м 26,77 32,51 36,2 39,13
Қанат ұзындығы, м 21,22 23,24 24,85 26,18
Биіктігі, м 6,22 7,57 7,51 7,13
Фюзеляж диаметрі, м 2,9
Бос ұшақтың салмағы, т 13,7 19,7 21,4 23,2
Ұшқандағы ең үлкен салмақ, т 23-24 35 38 41
Қозғалтқыш ТРДҚ (орыс.)қазақ. GE CF34-3A1 (CRJ-100) GE CF34-3B1 (CRJ-200) ТРДҚ (орыс.)қазақ. GE CF34-8C5
Ең үлкен жылдамдығы, км/сағ 860 875 882 870
Крейсерлік жылдамдығы, км/сағ 786
Ұшу қашықтығы, км 2000 3017(ER) 2700 3713(LR) 2700 3300(ER) 3800(LR) 2400 2900(ER) 3300(LR) 2800 3100(ER)
Ең үлкен ұшу биіктігі, м 12 500

Тапсырыстар мен жасалған үлгілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Модель Тапсырыс Жасалды Орындалмаған тапсырыстар
CRJ100 226 226 0
CRJ200 709 709 0
CRJ440 86 86 0
CRJ700 324 316 8
CRJ705 16 16 0
CRJ900 274 259 15
CRJ1000 67 23 44
Challenger 800 33 33 0
Қорытынды 1735 1668 67

Дереккөз: Program Status Report - CRJ Series aircraft on SEPTEMBER 30, 2012 [1]

Апаттар мен авариялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Program Status Report - CRJ Series aircraft
  2. CRJ NEXTGEN FAMILY OF REGIONAL JETS

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]