AIESEC

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


AIESEC
Құрылған күні 1949, Стокгольм, Швеция
Орналасқан жері Роттердам, Нидерланд (AIESEC International)
Қызмет аясы 125 мемлекет
Саласы Студенттер
Method Студенттер айырбастау
Сайты www.aiesec.org

AIESEC (фр. Association internationale des étudiants en sciences économiques et commerciales) — халықаралық жастар бейкоммерциялық бейсаяси және тәуелсіз ұйым. Ұйымның басқару міндеттерін тек қана студенттер және жуырда оқуын бітірген студенттер атқарады. Бүгінгі күні AIESEC-тің әлемнің 100-ден астам елде өз өкілдері бар.

AIESEC тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұйымның құру тарихы 19461948 жылдары басталады, ал 1949 жылы Стокгольм қаласында өткен халықаралық конгрессте AIESEC-тің стратегиясы мен мақсаттары анық белгіленді.

Сол конгрессте AIESEC (фр. Association International des Etudientes en Science Economique et Commercial) ресми тіркелген. Оның мақсаты ретінде "елдер және халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту" болып белгіленді. Бұл мақсатты жету бірден-бір тәсілі болып студенттердің халықаралық айырбастауы болып табылады. Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Нидерланд, Норвегия және Швеция өкілдері Стокгольмдегі конгресс нәтижесі бойынша ұйымның халықаралық, бейкоммерциялық, мемлекеттік емес және бейсаяси статусын бекітті.

AIESEC Қазақстанда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1969 — AIESEC Халықаралық секретариаты 1969 КСРО студенттеріне өз өкілдігін ашуға бірінші ұсыныс еткен.
  • 1989 — Квебекте (Канада) өткен Халықаралық Конгрессте КСРО AIESEC мүшесі болып ресми тіркелді. Сол жылы AIESEC Алматы қаласында ашылады.
  • 2007 — AIESEC Қазақстан, Ресейден бөлініп, Халықаралық AIESEC ұйымында тәуелсіз мүше ретінде тіркеледі.
  • 2008 — Қазақстан басқа қалаларында AIESEC өкілдіктері ашылды. Олардың ішінде Астана, Қостанай, Өскемен және Павлодар.
  • 2009 — AIESEC Қарағанды ашылды.
  • 2010 — AIESEC Орал және Тараз қалаларында ашылды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]