Үлкен бейнарық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Үлкен бейнарық
Mergus merganser merganser, кежек
Mergus merganser merganser, кежек
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Үйрек
Тегі: Бейнарықтар
Түрі: M. merganser
Екі-есімді атауы
Mergus merganser
Linnaeus, 1758
Ареал
Ареал
Синонимдері

Merganser americanus Cassin, 1852

Mergus merganser

Үлкен бейнарық (лат. Mergus merganser) – қазтәрізділер отряды үйректер тұқымдасына жататын құс.

Қазақстанның тауларында және тау етектерінде кездеседі. Салмағы 1 – 2 кг-дай денесі ірі болады. Ұшы ілмекше иілген ұзын тұмсығы бар. Бейнарық суда жақсы жүзіп, сүңгиді. Жеңіл де тез ұшады.

Аталығының басы, жоны, қанатының ұшы жылтыр, денесінің басқа бөлігі ақ түсті, қызыл тұмсықты, аналығының басы жирен, алқымы ақ болып келеді.

Бейнарық – жыл құсы. Қазақстанға ақпанның орта шенінде ұшып келіп, балығы мол өзендер мен көлдер маңында ұялап, 8 – 15 сарғыш түсті жұмыртқа салады, оны аналығы 32 күн басады. Қазан – қараша айларында Атлант, Тынық мұхит жағалауларына ұшып кетеді. Негізінен балықтармен, сондай-ақ су жәндіктерімен, су жыланымен, моллюскалармен қоректенеді. Әуесқой аңшылардың аулауына рұқсат етілген.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International (2004). Mergus merganser. 2006. IUCN Red List of Threatened Species. IUCN 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 11 мамыр 2006. Database entry includes justification for why this species is of least concern
  2. Қазақ Энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Mergus merganser