Қағанақ сұйығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қағанақ сұйығы

Қағанақ суы/сұйықтығы қағанақтың ішкі бетіндегі эктодерма жасушалары бөлетін сұйық. Қағанақ сұйығы — қағанақ қуысындағы ұрықтың дамуына қолайлы сулы орта. Ол ұрықты кеуіп қалудан, әртүрлі механикалық соққылардан сақтап, қорғаныс ортасының қызметін атқарады, ұрықтың қозғалуына қолайлы жағдай тудырады. Ұрықтың жұмыртқаны жарып шығарудың немесе туудың алдындағы соңғы күндері қағанақ сұйығы қоректік қызмет атқарады. Жұтылған қағанақ сұйығының қорытылмаған қалдығынан жаңа туған төлдердің тоңғақтары, жұмыртқаны жарып шыққан балапандардың саңғырықтары пайда болады. Қағанақ қуысының сұйыққа толуына байланысты ұрық— ұрықтантыс мүшелермен тек кіндік арқылы ғана жалғасады.[1]

Қағанақ суы (жүкті әйелде) ұрық салмағы мен плацента өлшеміне байланысты шамамен 1000-1500мл болады. Рh 6,98-7,23 құрайды. Қағанақ суы келесі минералды заттардан тұрады:натрий, калий, альций, магний, хлор, фосфор, темір, мыс. сондай-ақ белок алмасуына (17 аминқышқылынан тұрады) қатысады. Ең маңыздысы фетоплацентарлы жүйе арқылы гормондар метоболизміне қатысады: хорион гонодпропині, плацентарлы лактоген, серотонин, тестестерон, прогестерон және т.б. Ұрықты қорғау мақсатында иммунды кешендік деңгейді реттейді

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9