Қарамай (ҚХР)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қалалық аудан
Қарамай
ұйғ. قاراماي, Қарамай
қыт. 克拉玛依
Әкімшілігі
Ел

 Қытай

Автономиялы аудан

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы

Тарихы мен географиясы
Координаттары
Жер аумағы

7733,91 км²

Орталығының биiктігі

354 м

Уақыт белдеуі

UTC+8

Тұрғындары
Тұрғыны

460 000 адам (2015)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+86 990

Пошта индексі

834000

Автомобиль коды

新J

Қарамай (ұйғ. قاراماي, Қарамай; қыт. 克拉玛依) — ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы қалалық аудан. Үрімжіден солтүстік-батысқа қарай 320 км жерде орналасқан. Карамай атауы ұйғыр тілінен шыққан және мазут (қара май) дегенді білдіреді.

1955 жылы 29 қазанда бұл бөліктерден мұнай табылды - ҚХР құрылғаннан бергі алғашқы ірі кен орны. 1957 жылы 24 қаңтарда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық өкілдері ассамблеясының 14 сессиясы жаңа елді мекенді құру туралы шешім қабылдады, ал 1958 жылы 29 мамырда ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің жарлығымен Қарамай қалалық ауданы құрылды.

1975 жылы Карамайдан шығарылып, Іле-Қазақ автономиялық округі үкіметіне тікелей бағынуға берілген Қойтүн қалалық ауданы құрылды. Нәтижесінде, Қарамай аумағы екі бөлікке бөлінді.

1982 жылы 16 ақпанда автономиялық облыстың халық үкіметі Қарамайды 4 ауданға бөліп, қалалық ауданға айналдыру туралы шешім қабылдады. 1984 жылы 17 тамызда Карамай Тарбағатай мен Іле-Қазақ автономиялық областарынан шығарылып, автономиялы аймақ үкіметіне тікелей бағынуға берілді; сол уақытта аудандарға бөлу жойылып, Қарамай қайтадан қалалық ауданға айналды. 1990 жылы 8 тамызда Қарамай қайтадан қалалық аудан мәртебесіне көтерілді.

Тұрғындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халқы - 460 000 адам (2015). Хан (қытайлар) халықтың 75% құрайды, қалғаны ұйғырлар, қазақтар, моңғолдар, хуэйлер.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарамай қалалық ауданы 4 ауданға бөлінген, оның біреуі эксклав жасайды:

# Статусы Атауы Иероглифы Пінин Ұйғыр тілі
(жазбасы арабша)
Ұйғыр тілі
(латиница)
Тұрғындары
(2003
еск.)
Аумағы
(км²)
Халқы
тығыздығы
(/км²)
1 Аудан Қарамай 克拉玛依区 Kèlāmǎyī qū قاراماي رايونى Qaramay Rayoni 150 000 3833 39
2 Аудан Майтау
(Душанцзы)
独山子区 Dúshānzǐ qū مايتاغ رايونى Maytagh Rayoni 50 000 400 125
3 Аудан Жиренбұлақ
(Байцзянтан)
白碱滩区 Báijiǎntān qū جەرەنبۇلاق رايونى Jerenbulaq Rayoni 50 000 1272 39
4 Аудан Орқа 乌尔禾区 Wū'ěrhé qū ئورقۇ رايونى Orqu Rayoni 10 000 2229 4

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1955 жылы қала маңында Қытайдағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі ашылды. Сол кезден бастап қала мұнай өндіру және қайта өңдеу орталығы ретінде дамып келеді.

Жазда қала климаты құрғақ және ыстық. Жылдық температура диапазоны -25 °C-тан 40 °C-қа дейін жетеді.

1994 жылғы апат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1994 жылы 8 желтоқсанда кинотеатрдағы өрттің салдарынан 323 адам қайтыс болды, оның 288-і мектеп оқушылары. Бұл қазіргі Қытай тарихындағы ең үлкен апаттардың біріне айналды. 2009 жылы осы оқиғалар туралы «Қарамай» деректі филімі түсірілді.

Туыстас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қарамай — 行政 区划 сайтындағы аумақ, халық және әкімшілік-аумақтық бөліністің өзгеру тарихы туралы ақпарат  (қыт.)