Эстадос
Эстадос ис. Isla de los Estados | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 534 км² |
Ең биік нүктесі | 823 м |
Тұрғындар (2012 жыл) | 0 адам |
Орналасуы | |
54°46′ о. е. 64°18′ б. б. / 54.767° о. е. 64.300° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°46′ о. е. 64°18′ б. б. / 54.767° о. е. 64.300° б. б. (G) (O) (Я) | |
Архипелаг | Отты Жер |
Акватория | Атлант мұхиты |
Ел | Аргентина |
Эстадос Ортаққорда |
Эстадос (Штаттар жері, ис. Isla de los Estados) — Отты Жер архипелагында, басты аралдан шығысқа қарай орналасқан арал. Аргентинаға тиесілі. Ауданы — 534 км². Эстадос аралдары мен Отты Жерді Ле-Мерa бұғазы бөледі.
Географиясы мен климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Таулы, жағалау сызығы қатты тілімденген. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 63 км, ені 4 — 8 км. Бірқатар мұзтегтік көлдер бар.
Арал жайлы Ж. Вернмен «Жер шетіндегі шамшырақ» атты хикаят жазылған, онда аралдың климаты аса анық сипатталмаған. Шын мәнінде мұндағы қыс жұмсақ, қар жамылғысы тұрақсыз. Антарктикаға жақындығына қарамастан, жаз мезгілінде арал тұтастай жасыл шөппен жамылады. Желден қорғалған жерлерде оңтүстік бүк ағашынан ормандар кездеседі. Қыста арал маңында мұздар өте сирек кездеседі. Қыста температура шамамен 0 °C, жазда (күндіз) — 12-15 °C.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]25 желтоқсан 1615 жылы голландтық теңізші Лемер және Схаутенмен ашылып, Штаттар Жері деп аталған. Тұңғыш ашушылар оны Бейтаныс Оңтүстік жерінің солтүстік шеті деп санаған.