Шығысгүлі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шығысгүлі
Hydrangea macrophylla
Hydrangea macrophylla
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Корнел түстілер
Тұқымдасы: Hydrangeaceae
Тегі: Hydrangea
L.
түрлері

70-80 түрі белгілі

Шығысгүлі (лат. Hydrangea) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын өсімдіктер туысы.

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығысгүлі бақша өсімдіктерінің қатарына жатады. Бұталы, шырмалып өсетін, ала жапырақты болып келетін 80-ге жуық түрі бар. Шілде айында сиякөк, көк, қызғылт түсті гүл жарады да. жаз бойы гүлдеп тұрады. Гүлінің көлемі 10-30 см аралығында. Табиғи түрлерінің гүлі ақ, күлгін түсті болып келеді. Біртіндеп ақ және күлгін түсті гүлдері жасыл түске өзгереді де, қыс кезінде сол қалпын сақтап тұрады. Шығысгүлінің топырағы қышқыл болса, ақ түсті гүлі көк түске айналады. Шығысгүлінің гүлсабағын кептіріп, флористикада түрлі композициялар жасауға қолданады. Өсімдіктің кепкен гүлі алты айға дейін бастапқы қалпын сақтай алады. Қырқып-реттеу жұмыстары тек көктем айларында жүргізіледі.

Шығысгүлінің кез-келген түрі мол суғаруды қажет етеді. Егер топырағы құрғап, өсімдік солып қалса, гүлді қайта қалпына келтіру қиын. Қышқыл топырақта гүлінің түсі қанық болып, жақсы өседі. Алакөлеңке немесе көлеңке жерлерге еккен жөн. Әр шығысгүлінің отырғызылу арақашықтығы 1,5-2 м-ден кем болмауы тиіс.

Көбейтілуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түбін бөлу арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы – қалемшелеу жолымен көбейту.

Шығысгүлі туралы тақпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бақшада өсер шырайлы шығысгүлі,

Ұнамайды оған тым күн ыстығы.

Көлеңкелеу жерлерде жақсы өседі,

Жиі-жиі суғарған дұрыс мұны.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8