Хорваттар
Хорваттар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
5,53 - 6,9 млн.адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Хорватия |
3 977 171 |
Босния және Герцеговина |
643 000 |
Аргентина |
440 000 |
АҚШ |
374 241 |
Германия |
236 600 |
Аустрия |
131 307 |
Чили |
130 000 |
Бразилия |
127 765 |
Аустралия |
105 747 (2001) |
Тілдері | |
Діні | |
Хорваттар (өз атауы Hrvati) — ұлт, Хорватияның негізгі халқы. Сондай-ақ Босния және Герцеговина, Словения, Сербия, АҚШ, Германия, Австрия, Аргентина, Австралия, Венгрия, Италия т.б. елдерде тұратын оңтүстік славян халқы. Жалпы саны 5,53 - 6,9 млн.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хорват тілі үндіеуропалық тілдер отбасының славян тобының оңтүстік славян ішкі тобына кіреді, тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады. Хорват тілі – Хорватия Республикасының ресми тілі (Конституция 1990), Босния және Герцоговинаның ресми тілі (босния және серб тілдерімен қатар). Хорват тілінің жазуы латын графикасына негізделген. [1]
Субэтнографиялық топтары: загор, медьюмур, пригор, личане, фучки, чичи, буньев, т.б. Антропологиялық жағынан балкан-кавказ нәсілінің динар тобына жатады. Славян тобындағы хорват-серб тілінде сөйлейді. Хорваттар мен сербтердің лексикасында аздаған өзгерістер кездеседі. Штокав, чакав, кайкав сынды 3 диалектісі бар.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Католик, православие, протестант, ислам діндерін тұтынады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерте ортағасырлық качичи, шубичи, свачичи, магровичи, т.б. славян тайпалары хорваттардың арғы ата-бабалары болып есептеледі. 16-ғасырда бір бөлігі Осман империясына, 1790 ж. Венгер корольдігіне, 1918 ж. серб, хорват, словак корольдігіне қарады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін хорват ұлты қалыптасты.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі – егіншілік (дәнді, зығыр және т.б.), бау-бақша, жүзім шаруашылығы (әсіресе Приморьеде), мал шаруашылығы (таулы аймақтарда – мал шаруашылығы), балық аулау (ең алдымен Адриатикада). Халық арасында қолөнер дамыған. Ұсталар ағаштан, металдан, теріден сан алуан бұйымдар жасаған, құмыра жасау кәсібі өркендеген.
Дәстүрлі баспаналары тастан, ағаштан тұрғызылды. Ылғалды аймақтардағы үйлердің іргесі биік етіп жасалды. Жағалаудағы, аралдардағы үйлер екі қабаттан тұрды. Үйдің шатыры су екі жаққа қарай ағатындай етіліп көтерілді. Тас үйлердің мұржалары әсемделіне жасалды.
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Киімдері: ерлер — жейде мен шалбар, күртеше, көкірекше, жамылғы, шекпен киіп, белбеу тақты, аяқтарына опанки, етік киді; әйелдер — ұзын немесе қысқа көйлек, көкірекше, түрлі алжапқыштар, кең жиналмалы юбка, плащ, т.б. киді. Киімдер түрлі кестелік материалдармен, мәнет, металдармен әшекейленген.
Ұлттық тағамдарында нан түрлері көптеп дайындалды. Тамақтары жүгері, картоп, көкөніс, ет пен балыққа негізделген. Хорваттарда ұзақ уақытқа дейін қауымдық қатынастар сақталып келген. Ұлттық мерекелерінде, жиын-тойларда әндері мен билерін (коло, т.б.) орындалады.
Қазақстандағы хорваттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстандағы хорват диаспорасы санының жалпы динамикасы:
- 10 (1970 ж.),
- 7 (1979 ж.),
- 42 (1989 ж.),
- 39 (1999 ж.),
- 102 (2009 ж.) адам.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 197-бет.
- ↑ Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 431-бет ISBN 978-601-7472-88-7