Хаулдың кезбе қамалы
Хаулдың кезбе қамалы | |
жапон. ハウルの動く城 | |
Жанры |
фэнтези |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері |
Тосио Судзуки |
Сценарийдің авторы |
Хаяо Миядзаки |
Композиторы |
Дзё Хисаиси |
Кинокомпания | |
Ұзақтығы |
119 мин. |
Бюджеті | |
Кассалық түсімі |
¥23.2 billion |
Мемлекет | |
Тілі |
Жапон тілі |
Шыққан жылы | |
http://movies.disney.com/howls-moving-castle, http://www.howl-movie.com/ және https://www.ghibli.jp/works/howl/ |
«Хаулдың кезбе қамалы» (жапон. ハウルの動く城; ағылш. Howl’s Moving Castle) — 2004 жылы «Ghibli» студиясы ұсынған толықметражды аниме фильм. Жапон режиссері Хаяо Миядзакидің, ағылшын жазушысы Даяна Уинн Джонстың ертегі романына негіздеп шығарылған туындысы. «Үздік толықметражды анимациялық фильм» номинациясы бойынша 78-ші «Оскар» сыйлығына ұсынылған, алайда «Уоллес пен Громитттің: Құбылғыш-қоянның қарғысы» мультфильмі үздік деп танылған.
Желісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фильм әрекеті ХІХ ғасырдың соңында Еуропада, сиқыр мен техникалық прогресс астасып жатқан параллельді әлемде орын алады. Қыздардың жүректерін «ұрлаумен» әйгілі болған жұмбақ сиқыршы Хаулдың кезбе қамалы, ерте жетім қалған шляпа тігуші Софидің қаласында пайда болысымен-ақ, оның қарапайм өмірі тұтас өзгереді. Екі әскердің мазалауынан құтқарған көгілдір көзді серіні бір көргеннен — ақ ұнатып қалады, алайда онымен өткізген серуені Софи үшін қымбатқа түсті, іші тар қызғаншақ, Хаулға ғашық болған жалмауыз Пустоши жас тігіншіні жастығы мен сұлулығынан айырады. Оның қарғысынан Софи 18 дегі қыздан қартайған кемпірге айналады. Осы оқиға Софиді үйін тастап, адамдардан таса, басы ауған жақа кетуге мәжбүр етеді. Жол бойында оған кенеттен даланы кезіп жүрген егістік қарақшысы (пугало) — Қарақшы-шалқан жолығады. Ол осы келеңсіз оқиғаға орай оған таңқаларлық түсініксіз қамалды әкеледі. Софи «әжей» иесінен сұрамай қамалға кіріп, өзін осы болаттан жасалған «әтеш аяқтары» бар түсініксіз ғаламат үйдің қызметшісі етіп тағайындап, әр алуан мүшесі бар отбасыға келіп қосылады. Қамал тұрғындары — Хаул, қайшылықты әрі теңдессіз сиқыршы; оның шәкірті — Маркл, сонымен қатар от перісі — Кальцифер. Софи жалмауыздың қарғысын бойынан аластатқысы келеді, алайда қарғыс салған жалмауыздың өзі, оған жастығын қалай қайтып берерін білмейді. Сонымен қатар Хаулда, Кальцифер де, Қарақшы-шалқанда, жалмауыз Пустошидің өзі де сиқырланғаны белгілі болады.
Негізгі кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Софи Хаттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Софи Хаттер (Софи: Хатта:, жапон. ソフィー・ハッター) — фильмнің бас кейіпкері, шляпалар дүкенінде жұмыс істейтін еңбекқор әрі сыпайы он сегіз жасар қыз. Ол өзін өте қарапайым деп, сұр тышқанға теңеп, ал өмірін мұңға толы деп есептейтін. Оның өжет сіңлісі Лэтти қаладағы ең керемет наубахана-кафе Чезариде жұмыс істейтін. Софидің өміріндегі барлық өзгерістер жұмбаққа толы сиқыршы Хаулды кездестіргеннен кейін болады. Жалмауыз Пустоши оны 90 жастағы кемпірге айналдырып жібереді. Ол тек ұйықтап жатқанда және жүрегі махаббатқа толғанда ғана шынайы өз келбетіне оралатын. Хаулдың жылжымалы қамалы жаңа өмірге жол ашады, жаңа қызықтарға кездестіреді. Софи – Миядзакидің соңғы фильмдерінің типтік кейіпкері: асқан сұлу емес бірақ күшті жігері мен қайраты арқасында басына түскен сәтсіздіктер мен қасіретті жеңе білген мінезді қыз. Рольді дыбыстаған Тиэко Байсё.
Хаул
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хаул (Хауру, жапон. ハウル) — Кезбе Қамалдың жұмбақ әрі көрікті қожайыны. Адамдардың айтуы бойынша ол сұлу қыздардың жүрегін жалмайды, ал шындығында ол – от перісі Кальцифермен құпия келісім шарт жасасқан жалғыз басты құдіретті сиқыршы. Софи «әжей» оның өміріне басып кіріп әуелі оның қамалын ретке келтіріп тазалап, сонан соң Хаулдың өміріне әсер етіп, оның жеке перісіне ықпал ете бастайды. Хаул алғаш қарағанда өзін өте жоғары, асқақ ұстайды, Софиді өзінің алғашқы жетекшісі құдіретті сиқыршы Салиманға жібереді. Шындығында, ол Софидің адалдығын тексеріп көрмекші болады, өйткені бір кездері оны сатып кетушілер болған, содан бері ол адамдарға сенімсіздікпен қарап келеді. Фильмде Хаулдың қандай сиқыршы – мейірімді не жауыз екендігі туралы айтылмайды. Балалық шағында ол жүрегінен айырылған және қазір тек өзі үшін өмір сүреді. Сұлу, сұңғақ, көрікті сонымен қатар нәзік әрі қорқақ. Ол ақылға сенбестей өте күшті, бірақ тек соңында ғана осы өмірдің құндылығы мен махаббаттың шынайы құдіретін түсінеді. Уақыт өте келе ол Софимен ешкімге сенбеген қазына құпияларымен бөліседі. Ол Софиге бауыр басып қалады, алайда басында мұны жасырады. Соңында бәбібір екеуі қосылып жаңа үйге қоныстанады. Рольды дыбыстаған Такуя Кимура.
Кальцифер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кальцифер (Карусифа:, жапон. カルシファー) — кішкентай от перісі. Ол Хаулдың қамалын басқарып, барлық бөліктеріне күш қуат береді. Келісімшартқа байланысты Хаулдың пешіне «байланып» қалған ол, соған қарамастан Софимен шартқа келіседі: өзінің Хаулға деген құлдығының сырын ашып берсе, Софиге өз келбетін қайтарып беруге көмектесетініне уәде береді. Ол жақсы әзілдей алады сонымен бірге ренжігіш жәнеде Софи қамалды тазалай бастаса болды Хаулға шағымданғанды ұнатады. Бәрібір ашу үстінде әзәзілге сай қорқынышты және өз уәдесінде тұрады. Ол Хаулдан басқа ешкімге бағынбайды алайда Софи екеуінің келісім жасасқандарын үнемі ескертіп оған айтқанын жасатқыза алатын. Кітаптың түпнұсқасында ол көк түсті (көк жалын). Рольды дыбыстаған Тацуя Гасюин.
Жалмауыз Пустоши
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалмауыз Пустоши (Арэти но мадзё, жапон. 荒地の魔女) — Король Сарайына қызмет еткен таңғажайып сиқыршы болатын. Жастық шағын жоғалтқысы келмей қызғаныш әзәзілімен мәңгілік бұзылмайтын шартқа отырып соның құрбанына айналады. Ол өзінің бар күшін өзінің жүрегін жаулаған Хаулды іздеуге арнайды. Өзінің ізденіс жолында ол ештеңені жолда қалдырмайды, қиратып зұлымдықтар жасайды. Салиманмен кездесуде, Салиман оның әзәзілмен жасасқан келісімшартын бұзып өзінің шын келбетіне қайтып оралтады. Жалмауыз Пустоши қаусаған кемпірге айналады, ол солай болуы тиіс болатын. Жалмауыз Софиге жармасып алады, Софи оның жасаған зұлымдықтарына қарамастан Мадам Салиманның құзіретіне қалдырғысы келмей өзімен бірге алып кетеді. Түпнұсқа кітапта Батпақ Жалмауызы деп аталып, сұлу жас әйел ретінде сипатталады. Рольды дыбыстаған Акихиро Мива.
Қосымша рольдегілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маркл
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маркл (Марукуру, жапон. マルくル) — Хаулдың қамалында тұратын бала. Оны Хаулдың шәкірті деп атаса да болады. Мейірімді әрі жақсы бала. Софи келіп реттемегенше Қамал ішіндегі тәртіпсіздік пен тамақтың жоқтығына шыдамдылықпен төзіп жүре берген. Бірақ Софиді қуана қарсы ала қоймайды, алайда оған үйреніп қалады. Софидің Қамалды тастап кетуге мүмкіндігі туғанда, ол жалынып кетпеуін сұрайды. Түпнұсқадағы аты Майкл, және ол бала емес он бестегі жасөспірім. Рольды дыбыстаған Рюноскэ Камики.
Қарақшы-шалқан
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарақшы-шалқан (Кабу, жапон. カブ). Соғысушы корольдіктің сиқырланған ханзадасы. Софиге ғашық болуы ықтимал және оған көмектесуге тырысып бағады. Софидің сүйюі, оған салынған қарғысты кетіріп адам қалпына қайтарады. Ханзада сарайға қайта оралып, соғысты тоқтатады. Рольды дыбыстаған Ё Ооидзуми.
Хинн
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хинн (Хинн, жапон. ヒン) — қысқа аяқты күшік, Мадам Салиманның көмекшісі, Софиді және Хаулды бақылау үшін Софиге жіберілген. Бірақ кейіннен Салиманға қызмет етуін доғарып, Софиге көмектеседі. Софи Мадам Салиманға бара жатқанда қасына ерген Хиннды көріп ит кейпіне енген Хаул деп ойлап оның ауырлығына қарамастан үлкен баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көтеріп шығады. Жалмауыз Пустошидің ең сүйікті күшігі. Рольды дыбыстаған Дайдзиро Харада.
Мадам Салиман
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мадам Салиман (Сариман, жапон. サリマン) — Кингсберидегі Королдік сиқыршы. Корольдік сарайда бұл жұмбақ әйелдің құзіреті мол. Хаулдан сиқырлық мүмкіндіктерін әскерге көмек ретінде пайдалануын сұраған корольге Хаулдың бас тартуы Мадам Салиманмен кездесуіне алып келеді. Ол Хаулды тексеріп, Софиге оның перілік келбетін көрсетуге тырысады. Шындығында Салиман Хаулға бар қиындықтан шығуға көмектескісі келеді. Кітаптың түпнұсқасында Салиман – ер адам. Рольды дыбыстаған Харуко Като.
Ингария королі (Кокуо:, жапон. 国王). Рольды дыбыстаған Акио Ооцука.
Жүлделер мен номинациялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2004 — Венециандық кинофестифальде берілген Golden Osella сыйлығы.
- 2004 — Сиджестағы Каталон фестифаліндегі көрермендердің ең үздік фильм үшін сыйлығы. (Хаяо Миядзаки)
- 2005 — ең үздік аниме фильм Tokyo Anime Awards сыйлығы.
- 2006 — ең үздік анимациялық фильм үшін «MTV- Russia»сыйлығы
- 2006 — ең үздік анимациялық фильм ретінде «Оскар» сыйлығына үміткер (Хаяо Миядзаки)
- 2006 — ең үздік анимациялық фильм ретінде «Сатурн» сыйлығына үміткер
- 2006 — «Энни» сыйлығына үш номинация бойынша: үздік анимациялық фильм, үздік режиссура(Хаяо Миядзаки), үздік сценарий(Хаяо Миядзаки, Дональд Хьюитт, Синди Дэвис Хьюитт)
- 2006 — үздік режиссура үшін "Nastro d'argento" сыйлығына номинация(Хаяо Миядзаки)
- 2007 — ең үздік сценарий номинациясы бойынша "Небьюла" сыйлығы
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ All-Time Worldwide Box office. Internet Movie Database. Тексерілді, 8 мамыр 2008.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Хаулдың кезбе қамалы kinopoisk.ru сайтында (орыс.)
- Хаулдың кезбе қамалы imdb.com сайтында (ағыл.)
- Даяна Уинн Джонстың кітабы жайлы(қолжетпейтін сілтеме) (ағыл.)
- Ghibli студиясының сайты (жап.)
- Хаулдың кезбе қамалы kerekinfo.kz сайтында