Филип Сеймур Хоффман
Филип Сеймур Хоффман (1967-2014) — американдық актёр, кинорежиссёр. Кинемотография мен театр өнері жанрының әртүрлі салаларында жұмыс атқарған.[1][2][3]
2000—2010 жылдары сұраныстағы американдық киноактёрлардың бірі болған, 1989 жылы театр мектебін бітіріп, 1991 жылдан бастап теледидардан көріне бастайды.Осыдан кейін Хоффман эпизодтық және екінші кезектегі кинорөльдерді ойнауға кіріседі. Хоффман өмірінде 60-тан астам рет кинофильмдерде, 20-ға жуық театрлық көріністерде түскен. Әсіресе, жақын досы әрі кинорежиссёр Пол Томас Андерсонмен 16 жылға жуық уақыт бойы белсенді жұмыс істеп, досының көптеген фильмдерінде рөльдерді сомдаған: «Роковая восьмёрка», «Ночи в стиле буги», «Магнолия», «Любовь, сбивающая с ног» және «Мастер».
Жастық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Филиптің анасы Мэрилин отбасы ісі бойынша құқық қорғаушы болып жұмыс істесе, әкесі Гордон Стауэлл Xerox корпорациясында қызмет атқарған.Отбасында барлығы төрт бала тәрбие алған. Филиптің Джилл және Эмили деген екі әпкесі мен Горди атты ағасы болған. 1976 жылы оныі әке-шешесі ажырасып кетеді. Жас кезінде Хоффман күреспен айналысқан, алайда, мойын жарақатын алған ол спортпен шұғылдануды тастауға мәжбүр болады. 17 жасында Саратога-Спрингс қаласындағы "New York State Summer School of the Arts" атты мектебіне оқуға түседі. Осы кезден бастап ол нақты актёр болуға бел байлайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сэм Ригби. Philip Seymour Hoffman 1967-2014: Obituary of Oscar-winning actor (ағыл.). Digital Spy (2 ақпан 2014). Тексерілді, 10 шілде 2014.
- ↑ Айвен Литтл. Behind the mask of Philip Seymour Hoffman (ағыл.). The Belfast Telegraph (4 ақпан 2014). Тексерілді, 10 шілде 2014.
- ↑ Тим Моллой. Philip Seymour Hoffman Found Dead at 46 of Apparent Overdose (ағыл.). The Wrap (2 ақпан 2014). Тексерілді, 10 шілде 2014.